Қызметкердің құқықтары мен міндеттері

Тарау: Еңбек жағдайлары

9-сынып Құқықтық сауаттылық Еңбек қатынастары

Сабақ тақырыбы

Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін білу не үшін қажет?

Оқу мақсаттары

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

  • Ауызша және жазбаша түрде тиімді қарым-қатынасты жүзеге асырады.

  • Дәлелдер мен дәйектерді қолдана отырып, өз ой-пікірін білдіреді.

  • Құқықтық мәселелер мен жағдайларға талдау жүргізіп, өзіндік баға береді.

  • Еңбек жағдайларын анықтайды.

  • Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін талдайды.

Сабақтың мақсаты

  • Еңбек жағдайларын анықтау.

  • Жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін талдау.

Тілдік мақсаттар

Құқықтық жағдайларды топта талқылайды (айтылым және жазылым дағдылары).

Диалог пен жазылымға қажетті сөйлем үлгілері

  • Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері:

  • Қызметкердің құқықтары мен міндеттері:

  • Қызметкерге құқықтары мен міндеттерін білу маңызды, себебі:

Сабақтың басталуы

Кіріспе әрекет

Сыныпқа бейнематериал көрсетіледі: «Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау». Бейне бойынша сұрақтар қойылып, сабақтың тақырыбы ашылады.

Бағдарлау

Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.

Негізгі ұғымдар

  • Еңбек жағдайлары: жұмыс уақыты, тынығу уақыты, жалақы.

  • Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері.

  • Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері.