Музыка жетекші

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Әдіскер

Шаттық бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А. А.

Білім беру саласы

Шығармашылық

Іс-әрекет түрі

Музыка

Тақырыбы

Орманға саяхат

Мақсаты

Ойын арқылы балалардың есту, сезіну, ән айту қабілеттерін қалыптастыру. Сюжетті-ойындық кейіпкерлер арқылы балаларды шығармашылыққа баулу.

Алдын ала жұмыс

Орманға саяхат жасау туралы әңгімелеу, тақырыпқа қызығушылық ояту.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Үйрету
  • Көрсету

Қажетті көрнекі құралдар

  • Қысқы орман көрінісі
  • Паровоз макеті
  • Ойыншық қоян мен аю
  • Аюдың үйшігі

Қостілділік компонент

қоян — заяц аю — медведь
1

Мотивациялық-қозғаушылық

Үнтаспада К. Қуатбаевтың «Ақша қар» әні ойнап тұрады. Музыка жетекшісі балаларды қарсы алып, бүгін орманға саяхат жасайтындарын айтады және орманның алыста екенін түсіндіреді.

Жетекшінің шақыруы

«Орманға жету үшін мына пойызға отырайық».

Пойызға біз барайық,
Вагоннан орын алайық.

Балалар тізбектелген орындықтарға (вагондарға) жайғасады. Қол ұстасып, көтеріңкі көңіл күймен зал ішінде еркін қозғалады. Әуен аяқталғанда тоқтап, жетекшінің әрекетіне назар аударады.

2

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Пойыз әні» (К. Қуатбаев)

Жетекші әнді орындайды. Ән екінші рет орындалғанда мәтінге сай қимыл-қозғалыстарды көрсетіп, балаларға бірге қайталауды ұсынады.

Ал паровоз бастайды,
Ән айтып біз қостайық,
Пыш-пыш, пух-пух.

Қысқы орманға аялдау

Көңілді пойыздан түскен соң, балалар қысқы орманда серуендейді. Орман ішінде жүріп, қар үйіндісінің жанынан тығылып отырған қоянды байқайды.

Музыка жетекшісі ойыншық қоянды көріп, таңданған кейіп танытады: «Балалар, мына тығылып отырған аңды танисыңдар ма?»

Қоянмен танысу

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян.
Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Жүйрік қоян, сақ қоян.

Балалар қоянды көріп таңданады. Жетекші: «Ақ қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік» — деп, қоянның қимылын қайталауды ұсынады.

«Қояндар биі»

Әуен ойналғанда балалар өз еріктерімен жеңіл секіріп, қимыл арқылы көңіл күйді жеткізеді.

«Ақ қоян» әні

Жетекші әнді орындайды, балаларға отырып тыңдауды ұсынады. Екінші рет орындағанда қимылмен айтуға үйретеді.

Аюдың шығуы

«Қоңыр аю қорбаңбай» әуені орындалады. Үйшік ішінен педагог аю бейнесінде шығады.

Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар?»

Әуен қайта ойналғанда аю би қимылдарын көрсетеді. Музыка жетекшісі балаларға қимылдарды қайталауды ұсынады.

Қорытынды ойын: «Қояндар мен аю»

Ән аяқталған соң жетекші балаларды көңілді ойынға шақырады:

Кел, ойнайық, ойнайық,
Қызығына тоймайық.
Қоян, аю қуансын,
Біз көңілді тойлайық.

Балалар аюмен бірге қуана ойнайды, қимыл мен тыңдау дағдылары бекітіледі.

3

Рефлексивті-коррекциялаушы

Музыка жетекшісі балаларға қайтадан «Көңілді пойызға» отырып, жолға шығатындарын ескертеді. Балалар вагондарға жайғасып, әуенмен кері қайтады.

«Бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқандарың үшін сендерге шар сыйлаймын. Жарайсыңдар, балалар! Сау болыңдар!»

Күтілетін нәтиже

Нені біледі

Музыканы тыңдаудың, сезіммен айтудың маңызын түсінеді.

Қандай түсініктерді игерді

Пойызға (вагондарға) ұқыпты отырып, тәртіп сақтауды меңгереді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктер

Музыканы сезініп, әнге қосылып айту және қимылмен сүйемелдеу дағдыларын қалыптастырады.