Мағынаны тану
Қазақ тілі • 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шартты рай
Бұл сабақта етістіктің рай түрлері туралы білім тереңдетіліп, шартты райдың мағынасы, жасалу жолдары мен қолданысы жүйелі түрде меңгертіледі.
Сабақтың мақсаты
Етістіктің рай түрлері туралы білімдерін тереңдету, шартты рай және оның жасалуы туралы толық мағлұмат беру.
Сабақ форматы
- Типі: жаңа білімді меңгерту
- Түрі: білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
- Пәнаралық байланыс: әдебиет
Міндеттері
Білімділік
Шартты рай туралы ғылыми-теориялық түсінік беру; оның жасалуы, қолданысы және өзіндік ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық
Дүниетанымды кеңейту, көру және есту арқылы есте сақтауды дамыту, сөздік қорды байыту.
Тәрбиелік
Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, жауапкершілік пен ынтымақтастыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Проблемалық ізденіс
- СТО әдісі
- Сатылай кешенді талдау
- Модульдік оқыту технологиясы
Көрнекіліктер
- Слайд
- Кесте
- Дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
170-жаттығу: бұйрық райлы етістіктерді табу.
Мысалдар: болма, бол, бағала, арала, сағала.
3) Өткен тақырыпты пысықтау
«Бақытты сәт» ойыны арқылы берілген сұрақтарға толық әрі жылдам жауап беріп, зерек оқушыны анықтау және марапаттау.
- 1Етістіктің райы нешеге бөлінеді?
- 2Ашық рай деген не?
- 3Бұйрық рай нені білдіреді?
- 4Бұйрық райдың өзіне тән ерекшелігі қандай?
- 5Бұйрық райға мысал келтіріңдер.
- 6«Рай» сөзінің мағынасы қандай?
4) Сабақтың мақсатын қою
- Күн ретін хабарлау.
- Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру.
5) Жаңа сабақ: проблемалық жағдаят
Тақтамен жұмыс барысында шартты райдың сөйлемдегі қызметін байқататын мысалдар талданады.
1) Асан бүгін кітабын оқыса, ертең кітапханаға тапсырады.
2) Самал Гүлнұрға барса, ол әлі үйіне келмепті.
3) Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді.
4) Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді.
Топтық жұмыс: 1-топ
Берілген сөйлемдерде іс-әрекеттің қандай қыры баяндалғанын анықтаңдар:
- 1-сөйлем: іс-әрекеттің орындалу шарты.
- 2-сөйлем: мезгілдік мағына.
- 3-сөйлем: өткен іске өкініш.
- 4-сөйлем: сөйлеушінің тілегі/ықыласы.
Топтық жұмыс: 2-топ
Маңызды белгілерін ажыратыңдар:
Ортақ белгі: сөйлемдердегі кейбір етістіктер -са, -се жұрнағы арқылы жасалған.
Топтық жұмыс: 3-топ
Ой қорыту:
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.
Ұжымдық жұмыс: ереже және үлгі
Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: көрсе, оқыса.
Жіктелуі (кестемен жұмыс)
Шартты рай етістігі жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі.
| Жақ | Жекеше | Көпше |
|---|---|---|
| I | айт-са-м | айт-са-қ |
| II | айт-са-ң / айт-са-ңыз | айт-са-ңдар / айт-са-ңыздар |
| III | айт-са | айт-са |
Сөйлемдегі қызметі
Шартты рай тұлғасындағы етістік көбіне бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады; мезгілдік мағына бере алады және да/де, та/те шылауларымен тіркесіп, қарсылық мәнді білдіреді.
Өкініш, налу мәні
Шартты райлы етістік I, II жақ тұлғасында тұрып, оған -шы/-ші жұрнағы жалғанса, кейде өкініш, налу мағынасын білдіреді.
Оқулықпен жұмыс
172-жаттығу жазбаша орындалады.
Шығармашылық жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көшіріп жазыңдар.
Алтау алауыздағы кетеді,
Төртеу түгелдесе төбедегі келеді.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе.
Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ ассаң.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Әзіл десең, әділ айт.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Тапсырма: 1-мақалдағы сөздерге сатылай кешенді талдау жаса.
Жұптық жұмыс
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, шағын диалог құрыңдар:
- «Адам болам десеңіз…»
- «Егер мен миллионер болсам…»
6) Білімді бекіту
Венн диаграммасы арқылы шартты рай мен бұйрық райды салыстырып, қорытынды жасау.
7) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен орындалған тапсырмалар негізінде бағалау жүргізіледі.
8) Үй тапсырмасы
173-жаттығу орындау.
Ережені қайталау.
Рефлексия кезеңі
«Бүгінгі сабақ ұнады ма?» — өз әсерлеріңді смайликтер арқылы білдіріңдер.
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пірімова Әсем Әбдірахманқызы