Күтім көрмеген ағаштар

Сабақтың тақырыбы

Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Әңгіменің авторының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.
  • Қазақтың ағаштан жасалатын бұйымдарын атау.
  • Еңбек пен еріншектікке қатысты мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ұғындыру.

Тәрбиелік

  • Әңгіме мазмұны арқылы табиғатты сүюге тәрбиелеу.
  • Еңбексүйгіштікке баулу.
  • Айналаны көгалдандыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағыттау.

Дамытушылық

  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  • Сурет салу дағдыларын жетілдіру.
  • Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Түрі мен типі

Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ

Әдістер мен тәсілдер

  • СТО әдістері
  • Үш қадамнан тұратын сұхбат
  • Топтастыру
  • ЖИГСО-1 (аквариум)
  • Кейіпкерге хат жазу

Көрнекіліктер

  • Тірек сызбалар
  • Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер
  • Кестелер
  • Еңбек туралы мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс

Математика Дүниетану Музыка Сурет Еңбек

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Сабаққа назар аударту.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Әдібай Табылдиев: «Жылдардың біл қасиетін!» (жылнама).

III. Үй тапсырмасын бекіту

«Үш қадамнан тұратын сұхбат»

A — сұхбат алушы, B — жауап беруші, C — жинақтаушы.

Сұрақтар

  1. Қазақша жыл атауларын ата.
  2. Бір жылда неше ай бар?
  3. Сен қай жылы туғансың?
  4. Биыл қай жыл?
  5. Қандай жыл мезгілдері бар?

Үлгі жауаптар

  1. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылқы, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
  2. Бір жылда он екі ай бар.
  3. Қоян жылы туғанмын.
  4. Биыл жылан жылы.
  5. Төрт жыл мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.

Жыл атауларының жан-жануарлармен байланысы халық ауыз әдебиетінде кең көрініс тапқан. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен түйенің жыл басынан құр қалғанын білеміз. Сондай-ақ тышқанның жыл басы саналуы туралы өлең жолдарында да айтылады. Қоян жылы халық ұғымында құтты жыл деп есептеледі. Әр жылдың өзіне тән сипаты бар.

Жыл атауы Сипаттамасы
Тышқан жылы Тірлікке толы жыл
Сиыр жылы Зейнетті жыл
Барыс жылы Сәтті жыл
Қоян жылы Құтты жыл
Ұлу жылы Берекелі жыл
Жылан жылы Құрғақ жыл
Жылқы жылы Мархаббатты жыл
Қой жылы Мол өнімді жыл
Мешін жылы Бақ-берекелі, жарасымды жыл
Тауық жылы Тұманды жыл
Ит жылы Еңбекті жыл
Доңыз жылы Байсалдылық танытатын жыл

Әңгімеге кіріспе сұрақтар

Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап: Көктем.

Сұрақ: Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

Жауап: Ағаш отырғызу, гүл егу, айналаны тазалау, көгалдандыру.

Осы ойды жалғастыра отырып, бүгін Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен танысамыз.

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Сабаққа дайындық

Денемізді тік ұстап, Қолымызды қояйық. Ойымызды жинақтап, Сабаққа зейін салайық.

Оқушыларға бағыттау сұрағы: Б. Соқпақбаев туралы не білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс

  1. Әңгімені ЖИГСО-1 (аквариум) әдісі бойынша оқу.
  2. Мәтінді төрт бөлікке бөліп талдау:

1-бөлік

Ағаш отырғызу апталығы.

2-бөлік

Күтім көрмеген ағаштар.

3-бөлік

Ормандағы ғажап оқиға.

4-бөлік

Ағаштардың ризашылығы.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

Тапсырма 1

Ағаштан жасалатын заттардың тізімін сызба түрінде құрастыр.

Тапсырма 2

Еңбек пен еріншектікке қатысты мақал-мәтелдерді жинап жаз.

Дәптермен жұмыс (шығармашылық)

  1. Мәтіндегі әр көрініске иллюстрация салып кел.
  2. Осы тақырып бойынша мақал-мәтелдер қорын толықтыр.

Сергіту сәті

Шаршадым — «Ух!» дедім, Ренжідім — «Тух!» дедім. Қорықтым — «Ой!» дедім, Өкіндім — «Ах!» дедім. Шарасыз — «Ех!» дедім, Таңырқап — «О!» дедім. Біліп ап — «Ә!» дедім, Қуанып — «Ха-ха-ха!» дедім.

VI. Сабақты қорытындылау

«Әңгіме кестесі» әдісі бойынша оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

Әңгіменің аты

Әңгіменің авторы

Кейіпкерлері

Қай кезеңді суреттейді?

Әңгіме немен аяқталды?

Не үйретті?

VII. Үйге тапсырма

  1. Мәтінді түсініп оқу.
  2. Кейіпкерге хат жазу.

VIII. Қорытынды

Оқушылардың белсенділігі бағаланып, мадақтау сөздері айтылады.