Құралай сұлу поэмасындағы кейіпкерлерді ата

Сабақ жоспары (7-сынып, Қазақ әдебиеті)

Сабақтың тақырыбы

Қ. Аманжолов — «Өзім туралы»

Негізгі ресурстар

  • АКТ (интерактивті тақта, аудио, видео)
  • Постер, маркер, стикер
  • Оқулық, бағалау белгілері (жұлдызшалар)

Сабақ құрылымы

  • Кіріспе
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жаңа сабақ
  • Топтық жұмыс және теория
  • Қорытынды, бағалау

Жалпы мақсаттар

  • Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру, поэзиясының ерекшелігін таныту.
  • «Өзім туралы» өлеңінің мән-мағынасын ашу, тақырыбы мен идеясын айқындауға бағыттау.
  • Дүниетанымды кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы қорытынды жасау дағдысын дамыту.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру, белсенділікті күшейту және өлең құдіретін сезіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Білу

Оқушы Қасым Аманжолов туралы жалпы мәліметті меңгереді.

Түсіну

«Өзім туралы» өлеңінің тақырыбын, идеясын, кейіпкерін, толғаныс пен тебіренісін таниды.

Қолдану/Дамыту

Шығармашылық ойы дамып, пікір айту және дәлелдеу дағдылары қалыптасады.

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру

  • Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Тренинг: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Үй тапсырмасын тексеру (Білу кезеңі)

Үй жұмысы бойынша меңгерген білім тексеріледі. Орындамаған оқушыға бағыт-бағдар беріліп, қолдау көрсетіледі.

Тақырып:

Иса Байзақов — «Құралай сұлу» поэмасы

«Сандықтан сұрақтар» әдісі

Оқушылар сұрақтар алып, жауап береді. Сұрақтар екі топқа да ортақ.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  1. «Құралай сұлу» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болды?
  2. Поэмадағы кейіпкерлерді ата.
  3. Құралай кімнің қызы? Неліктен қазақ жеріне қашпақ болды?
  4. Ол кездегі қалмақ ханы кім болды?
  5. Келден батыр кім? Неге арманы орындалмағанына өкінді?
  6. Құралай неден қаза болды?

Топқа бөлу

I топ

«Ақсақ Темір» тобы

II топ

«Хафиз» тобы

Жаңа сабаққа дайындық

Интерактивті тақта арқылы Қасым Аманжоловтың фотосуреті көрсетіледі. Оқушылар: «Фотодан кімді көріп тұрмыз? Бұл тұлға бізге таныс па?» деген сұрақтар бойынша ой бөліседі.

Оқушылар бейнедегі тұлғаның аты-жөні, кәсібі, шығармалары жөнінде қысқаша мәлімет айтады.

Мәтінмен жұмыс

«Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқу.

Тыңдалым

Өлеңді үнтаспадан тыңдау.

Түсіну кезеңі

Бүгінгі сабақта Қасым Аманжоловтың өмірі мен «Өзім туралы» өлеңі қарастырылады.

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов (1911–1955)

  • 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Қызыларай өңірінде дүниеге келген.
  • Жастайынан жоқшылық пен жетімдікті көріп өскен.
  • Семей мал дәрігерлік техникумын бітірген.
  • 1931 жылы Ленинградтағы Орман шаруашылығы институтына түсіп, денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмаған.
  • 1931–1941 жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді құрылыс» сияқты басылымдарда және Орал облыстық театрында қызмет атқарған.
  • Ұлы Отан соғысына қатысып, 1946 жылға дейін әскери қызметте болған.
  • Соғыстан кейін «Әдебиет және өнер» журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
  • Алғашқы өлеңі Оралдағы «Екпінді құрылыс» газетінде жарияланған.
  • Тұңғыш жинағы — «Өмір сыры» (1938).
  • 1945 жылы әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтаған.
  • 1947 жылдан бастап сырқаттанып, соған қарамастан бірқатар шығармалар жазып, аудармалар жасаған.
  • 1948 жылы «Дауыл» жинағы жарық көрген.
  • 1955 жылғы 17 қаңтарда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.

Топтық тапсырмалар

I топ: Шығармашылық мұра

  • Өлеңдер жинақтары
  • Поэмалары

II топ: Аударма және өнер

  • Аудармалары (соның ішінде А. Твардовский шығармалары)
  • Сазгерлік қыры, әндері

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан қысқа бейнеролик көрсетіліп, оқушылар көрініске сай жеңіл жаттығулар орындайды.

Қайта тыңдау

«Өзім туралы» өлеңі үнтаспадан қайта тыңдатылады.

Әдебиет теориясы: Лирика

Лирика дегеніміз не?

Лирика — ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз көңіл күйі, күйініш-сүйінішінің көркем түрде берілуі.

Лириканың түрлері

  • Философиялық лирика
  • Саяси лирика
  • Махаббат лирикасы
  • Табиғат лирикасы

Талдау тапсырмалары («Өзім туралы»)

I топқа

Лириканың түрі:

Өлең мазмұнына сүйеніп анықта.

Өлеңнің тақырыбы:

Негізгі ой өзегін бір сөйлеммен тұжырымда.

Өлеңнің идеясы:

Ақын нені дәріптейді, қандай құндылықты алға шығарады?

II топқа

Өлеңдегі кейіпкер кім?

Лирикалық кейіпкердің сипатын дәлелде.

Қандай ақын? Қандай жан?

Өлеңдегі мінез, ұстаным, сезім арқылы талда.

Кімдерге сенеді? Не туралы айтады?

Дәйек сөздермен нақтыла.