Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік

Сабақтың тақырыбы

«Өркендер мен бүршіктер» тақырыбы бойынша қайталау сабағы.

Қалыптастырылатын дағдылар

  • Ақпаратты басқару
  • Бірлескен жұмыс
  • Ойлау, проблеманы шешу және шешім қабылдау

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Сыныбымызға хат келді» тапсырмасы ұсынылды. Сабақ «Ой ашар» кезеңінен басталды.

Хат ішіндегі жетекші сұрақ

Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Өркенің өссін, жапырағың жайылсын» деп бата берген?

Диалогтық оқыту арқылы ой қозғау

«Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады?» деген сұрақ тасталып, оқушылардан нақты әрі дәлелді жауаптар алынды.

Жедел сұрақ-жауап (қайталау)

Өткен білімді нақтылау мақсатында қысқа сұрақтар қойылып, негізгі ұғымдар бекітілді.

1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік қалай аталады?

Жауабы: Бұйыққан

2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан бүршік?

Жауабы: Өсу бүршігі

3. Бір буын мен екінші буын арасы қалай аталады?

Жауабы: Буын аралық

4. Бүршіктің сыртын не қаптайды?

Жауабы: Қабық

5. Оған бүршік, жапырақ, гүл неге бекінеді?

Жауабы: Сабақ

6. Өркеннің ең ұшында орналасқан бүршік?

Жауабы: Төбе бүршік

7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік?

Жауабы: Жанама

8. Бүршіктің түсі қандай?

Жауабы: Қоңыр

9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлік қалай аталады?

Жауабы: Буын

10. Бастапқы өркен қалай аталады?

Жауабы: Бүршік

11. Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік?

Жауабы: Гүл бүршігі

12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық қалай аталады?

Жауабы: Өркен

Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары

Оқушылардың білімін жүйелеу үшін төмендегі сұрақтар берілді. Оқушылар қызығушылықпен жауап беріп, өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

  1. 1.Өркен деген не?
  2. 2.Өркен қандай бөліктерден тұрады?
  3. 3.Өркеннің қандай түрлері бар?
  4. 4.Өркен өсімдіктің қай мүшесіне жатады?
  5. 5.Бүршіктің қандай түрлері бар?
  6. 6.Төбе, қолтық, қосалқы және бұйыққан бүршіктер дегеніміз қандай бүршіктер?
  7. 7.Бүршіктен не дамиды?
  8. 8.Бүршік қайда бекінеді?

Түсіну кезеңі: «Менен — сұрақ, сізден — жауап»

Бұл кезеңде оқушылар бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қойып, жауаптарын тыңдау арқылы пікірлерін толықтырды. Мұғалім ретінде мен жауаптарды нақтылап, қажет жерінде бағыт-бағдар беріп отырдым.

Талдау кезеңі: зертханалық жұмыс

Оқушылар зертханалық жұмысты орындау барысында бақылап, зерттеп, салыстырып, талдау жасап, қорытындыға келді. Жекелеген оқушылар өз тұжырымдарын дәлелдермен негіздей алды.

Жинақтау кезеңі: тест және қайталау сұрақтары

Жинақтау кезеңінде тест сұрақтары және өткен материалды еске түсіруге арналған тапсырмалар қолданылды. Мақсат — оқушылардың жауаптарын ойлауға бағыттап, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыру және толықтыру.

Топтық жұмыс және көшбасшылық

Сабақ барысында көшбасшылық қызметті мұғалім және топ жетекшілері атқарды. Топ жетекшілері тағайындалып, бағалау парақтары таратылды. Бағалау талаптары алдын ала түсіндірілді.

Оқушыларды ынталандыру үшін тапсырмаларды жақсы орындаған кезде қол шапалақтау қолданылды.

1-топ

Бүршікке сипаттама

2-топ

Бүршік түрлері

3-топ

Бүршіктің ішкі құрылысы

Әр топ өз тақырыбын бір-біріне түсіндіріп, сұрақтар арқылы толықтырды.

Бағалау: формативті және жиынтық

Сабақ бойы оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында формативті бағалау жүргізілді: тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар мадақталып, смайликтер арқылы бағаланды.

Топ жетекшілері бағалау парақтарын жинақтап, оқушыларды әділ бағалады. Сонымен қатар оқушылар өз-өзін бағалауға да қатысты. Формативті және жиынтық бағалау оқушыларды әділ бағалауда маңызды рөл атқарады.

Сабақ соңында бағалау нәтижелері оқушылармен бірге талқыланды.

Бағалау критерийлері (БББ кестесі үлгісі)

Критерийлер

  • Барлық бағандағы карточкаларды толықтыру — 1 балл

  • Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ қою — 4 балл

  • Оқушының көзқарасын білдіруі және оны дәлелдермен негіздеу шеберлігі — 5 балл

Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы

Баға
Ұпай аралығы
5
10–12 балл
4
8–10 балл
3
5–7 балл
2
1–4 балл