Жіңішке дауыстыларды ата
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Біздің кафеде. Буын»
Оқу мақсаттары
- 1.1.4.1 — мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.
- 1.3.7.1 — мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
- 1.1.9.3 — сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Күтілетін нәтиже
Барлығы: сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Көбі: мұғалімнің көмегімен сөзді, сөйлемді, мәтінді тексеріп, қателерін түзетеді.
Кейбірі: мәтін мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжайды.
Бағалау және бағдар
Жетістік критерийлері
- Мәтінді тақырыбы бойынша болжайды.
- Мұғалімнің көмегімен қателерін түзетеді.
- Сөздегі буын санын анықтап, жазады.
Құндылықтарды дарыту
Бір-біріне құрмет, патриоттық рух, ұйымшылдық.
Пәнаралық байланыс
Математика, музыка.
Тілдік мақсат
Кафе, сөз, буын.
Алдыңғы білім
Дыбыстар, дауысты дыбыстардың түрлері, буын туралы бастапқы түсініктер.
Сабақтың басы
Мақсат: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (4 минут).
Ширату: амандасу және жылулық шеңбері
Қазақша
Қайырлы таң, ұстаз!
Қайырлы таң, достар!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Орысша
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга,
Пожелайте добра.
English
Good morning, good morning!
Good morning to you.
Good morning, good morning!
We’re glad to see you.
Топқа бөлу
1-топ: Жемістер
Тақырыпты талқылау, жауаптарды жинақтау.
2-топ: Көкөністер
Сұрақтарға жауап беру, қорытынды жасау.
Өткенді пысықтау: «Кім жылдам?»
Оқушылар «баспалдақ» бойымен жылжып, фигураларда жазылған сұрақтарға жауап береді. Мақсат — білім шыңына жетіп, жасырынған сөйлемді оқу (6 минут).
«Жемістер» тобына сұрақтар
- Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Жуан дауыстыларды ата.
«Көкөністер» тобына сұрақтар
- «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- Жіңішке дауыстыларды ата.
Жасырынған сөйлем:
Білімді ұрпақ — ел тірегі.
Қорытынды: білімді болып, елімізге үлес қосайық.
Сабақтың ортасы
Мақсат: тыңдалым және сөйлесім арқылы ұғымдарды нақтылау (12 минут).
Сұхбат: Әли мен Мерей
Оқушылар диалогті тыңдайды, негізгі ойды анықтайды және «кафе», «қызмет көрсету», «буын» сияқты кілт сөздерді талдайды.
Әли: Мерей, сен кафе туралы не білесің?
Мерей: Кафеде адамдарға қызмет көрсетіледі. Бұл — тапсырыс бойынша тағам берілетін орын.
Әли: Кафеде кімдер қызмет етеді?
Мерей: Аспазшылар мен даяшылар жұмыс істейді.
Әли: Мерей, сен кафеге бардың ба?
Мерей: Жоқ. Кафеге үлкендермен бірге барған дұрыс.
Әли: Рахмет, Мерей!
Талқылауға арналған сұрақтар
- Кафе дегеніміз не?
- Кафеде қандай мамандық иелері жұмыс істейді?
- Неліктен кафеге үлкендермен барған дұрыс?
Автор туралы мәлімет
Аймақ
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы
Мектеп және мұғалім
Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ, бастауыш сынып мұғалімі — Мендіғалиева Нұргүл Ажибаевна