Білдір сезіміңді

Сыйластықты бүгіннен бастау

Өкпең болса да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз. Бүгінгі адам — ертең топырақ. Бір үйде қанша жан болсаң да, бір-біріңе қонақсың. Тірі күніңде сыйлас. Өлген соң жылаудың орнына, тірі кезде қадірлей біл.

Тірі адамда мүмкіндік көп

  • Иіске. Сүй. Құшақта. Аяла. Бауырыңа бас.
  • Әр секундыңды қимастарыңа арна.
  • Ешкім мәңгілік емес. Бүгін бар — ертең жоқ.

Реніштің соңы жоқ — оны өзің тоқтатасың

Өкпе, реніш, наз — ол өздігінен бітпейді. Егер сен тоқтатпасаң, уақыт бәрібір өте береді. Алла адам баласына уақыт берді, мүмкіндік берді. Сол мүмкіндікті жылылыққа, кешірімге, жақсылыққа жұмса.

Кездескенде

«Жоғалтып алам-ау» деген оймен бауырыңа бас. Шын ықыласыңды көрсет.

Қоштасарда

«Көріспей қалсам ше?» деп қимай қоштас. Сезіміңді жасырма.

Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды. Әр уақыттың да, әр адамның да қадіріне жете біл. Сен өлгенше өштесіп жүретіндей ол да шайтан емес. Не сен, не ол — бірің бірінші кетесің. Сол кезде өкінбейтін бол.

Жақыныңды бағалау — ертеңге қалмайтын іс

Қасыңда жүрген адамдарды бағалай біл: туысыңды, жарыңды, досыңды, сырласыңды, құрдасыңды. Бүгін бар болуы мүмкін, ертең бар болуы мүмкін, ал арғы күні бар ма — белгісіз. Кейін алыстап кетсе, бармағыңды тістеп қалма.

Қарапайым әрекеттер — үлкен мейірім

Туысыңды, бауырыңды сағындың ба — жай ғана хабарлас. «Сағынып кеттім» де.

Анаңа, әкеңе: «Сендерді қатты жақсы көремін» деп жиі жаз. Сезімді уақытында айтуға үйрен — кейін кеш болып қалмасын.

Мәңгілік ештеңе жоқ

Өмірде ештеңеге «мәңгілік» деп қарама. Ақша да — бүгін бар, ертең жоқ. Атақ, мансап, байлық, сұлулық, менмендік — бәрі өткінші. Тіпті мен де, оқып отырған сен де мәңгілік емеспіз.

Маңыздысы — сезім

Тек сезім маңызды: ата-анаға, сүйген жарға, балаға, досқа, бауырға, туысқа деген мейірім. Сезім — жақсы көру, сағыну, іздеу, алаңдау, бауырмалдық, адалдық, достық. Сезімсіз өмір — бос өмір.

Жылы сөз — бір ғұмырды өзгертуі мүмкін

Ешкімді өкпелетпейік. Ешкімді жамандамайық. Кек сақтамайық. Көргенде сағына көрісіп, ойнап-күліп, әзілдесіп жүргенге не жетсін.

Жанашыр көбейсін

Ақшамыз көп болғанша, құлағанда демейтін, ауырғанда жүгіретін, жылағанда жұбататын адамдарымыз көп болсын.

Екі есе қайтады

Адамдарға не берсең — соны екі есе болып қайтарады. Сый-құрмет күтсең, алдымен өзің көрсет.

Өзімшілдікті тый

«Өзі жазсын, өзі іздесін» деме. Кішірейгеннің абыройы тасады. Жақсылықты бірінші бол болып баста.

Адамдарды қуантуға, жылы сөз айтуға тырыс. Бәлкім сенің бір жылы сөзің біреудің бүкіл ғұмырын өзгертер. Барды бағалайық: бұл өмір қамшының сабындай қысқа.