Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету

Білім беру саласы және сабақ туралы мәлімет

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

Жаратылыстану

Тақырыбы

Қармен тәжірибе жасау

Мақсаты

  1. Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.
  2. Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету; тәжірибе арқылы алған білімдерін қорытындылай білуге баулу.
  3. Табиғат сырларын танып-білуге қызықтыру және ынталандыру.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Пластмассадан жасалған қалақтар
  • Қар салуға арналған ыдыстар
  • Пішіні әртүрлі қалыптар (ыдыстар)
  • Ойыншықтар
  • Аққала (кейіпкер немесе ойыншық)
  • Үнтаспа

Қауіпсіздік ережесі

Қар өте суық болғандықтан, балалар қарды қолмен ұстамай, қалақ арқылы жұмыс жасайды.

Билингвальды компонент

аққала
снеговик
қар
снег
ақ
белый

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қане, орнымыздан тұрып, апайлармен амандасайық.

Шаттық шеңбер

Қайырлы күн! Ормандар мен далалар!

Қайырлы күн! Достасқан бізбен балалар!

Қайырлы күн! Бізге келген қонақтар!

Қош келдіңіздер!

Енді экранға назар аударайық: «Али мен Айя» ертегісінен үзінді көреміз.

Сұрақ

Балалар, қар қандай болады?

2) Таңғажайып сәт

Балалар, бүгін бізге қонаққа Аққала келді. Аққаламен амандасайық.

Аққаланың сөзі

Менің бүгін туған күнім. Мені ешкім құттықтамады және ешкім сыйлық бермеді.

Аққаланы көңілдендіру үшін ойын ойнап, оған қардан гүл жасап берейік.

3) Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Білімді өзектендіру

Тәрбиеші топқа қар салынған ыдысты алып кіреді.

Қар өте суық, сондықтан біз қалақпен жұмыс жасаймыз.

Әңгімелесу сұрақтары

  • Қардың түсі қандай?
  • Қар қай мезгілде жауады?
  • Жазда қар жауа ма? Неліктен?
  • Қар неге бөлмеде ериді? (Себебі бөлме жылы.)

Тәжірибелік тапсырма

Тәрбиеші қарды пішіні әртүрлі ыдыстарға салып, оларды балаларға таратып береді.

Осы қалыптардың көмегімен Аққалаға арнап қардан гүл жасайық.

Билингвальды қайталау

аққала

снеговик

қар

снег

ақ

белый

Сөздік жұмыс

Балалар, Аққалаға сендердің сыйлықтарың ұнап қалды. Енді ойын ойнап, гүлдерді қалай жасағанымызды еске түсірейік.

Саусақ жаттығуы

Кірістірсек екі қолды жұмысқа,

Аққаланы тұрғызады бір сәтте!

Дидактикалық ойын

«Қар жасау»

Қармен тәжірибе жасау арқылы балалар қардың қасиеттерін байқап, қорытынды жасайды.