Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер
Сабақ туралы мәлімет
Г. С. Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сахова Ажар Байдосқызы әзірлеген. Пәні: қазақ тілі, сыныбы: 9.
- Сабақтың тақырыбы
- Әбілхан Қастеев
- Бұрын меңгерілген білім
- Қазақ бейнелеу өнері тарихы
- Сабақтың ресурстары
- Кесте, тірек-сызба, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, стикерлер, постерлер.
Сабақтың мақсаты
Етістіктің рай категориясын жүйелей отырып, қалау райдың жасалу жолдарын меңгерту және жаттығу жұмыстарын орындату.
Күтілетін нәтиже
- Қалау райды орынды қолдануға дағдыланады.
- Ұшқыр оймен, нақты әрі сауатты сөйлеуді үйренеді.
- Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылық жолымен танысады.
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау: «Жүректен — жүрекке» тренингі.
Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісімен сұрау.
Сұрақтар
- Қазақ бейнелеу өнері дегеніміз қандай өнер?
- Қазақ бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі қандай?
- Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
- Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия қай жылы ұйымдастырылды?
- Студияда кім сабақ берді?
- Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын қай жылдары жасады?
- Қазақстан суретшілерінің кәсіби шеберлікті тез игеруіне кімдер көмектесті?
- Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан ұйымдастырылды?
- Көрме қай қалада өтті?
- Айша Ғалымбаева кім?
2) Топқа бөлу және бағыттау
Оқушыларға натюрморт пен пейзаж бейнеленген суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша оқушылар екі топқа бөлінеді.
Білім шыңына жету үшін көп оқып, көп білуіміз керек. Білім шыңын пирамидаға теңеп, шыңына жету үшін тапсырмаларды кезең-кезеңімен орындаймыз.
І саты: Қалау райды құрастыру
Үлгі формула
Қалаймын / Қаламаймын
Етістік + -ғы / -гі + жіктік жалғауы + келеді / келмейді
Тапсырма
Формуланы қолданып, суреттердегі іс-әрекеттерді қалау райда айтыңдар:
Қорытынды сұрақ
Осы тапсырмалардан қандай қорытынды шығаруға болады?
ІІ саты: Мәтін бойынша диалог құрастыру
Мәтінді түсініп оқып, диалог құрастырыңдар. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер. Сөздікте берілген сөздерді қолданыңдар.
Сөздік
- Даму — развитие
- Үлес қосу — внести вклад
- Дүниетаным — познание мира
- Ерекшеліктері — особенности
- Назар — внимание
Оқылым мәтіні
60-жылдары қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты.
Бұл кезеңде қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов және т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.
Ауыл тақырыбы көптеген қазақстандық суретшілердің назарында болып, әсіресе шығармашылық жолын 60–70-жылдары бастаған шеберлердің басты тақырыбына айналды.
А. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Сыдыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанов шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу және символикаға құштарлық тән болды.
ІІІ саты: Оқу және аудару
3-тапсырма: берілген мәтінді оқып, аударыңдар.
Әбілхан Қастеев (1904–1973) — Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Алғашқы қазақ суретшілерінің бірі Әбілхан Қастеев өз талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды.
Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен дарынын өз халқына толық арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ш. Айманов, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев сынды көрнекті қайраткерлермен қатар аталады.