Бөлуге кері амал - көбейту
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 5-ке көбейту мен бөлуді үйрету және түсіндіру.
-
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту; ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
-
Тәрбиелік
Өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу; белсенділікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, түсіндіру.
- Көрнекіліктер
- 5-ке көбейту және бөлу кестесі, слайдтар.
Психологиялық дайындық
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Идеялық кіріспе
«Ғылымдар патшалығында» математика мекендейтін сарай бар. Ол сарайға жалқаулар кірмейді, ал зейінді, білімді оқушылар қабілетімен қақпаны ашады. Бүгінгі сабақта біз өз біліміміздің сол сарайға жететінін тексереміз.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
а) Психологиялық дайындық
Өлең жолдары арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
-
ә) Тақырып пен мақсатты хабарлау
Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу. Оқу мақсаты түсіндіріледі.
-
б) Мотивациялық әңгіме
Математика сарайына кіру үшін білім мен зейін қажет екені айтылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№9. Теңдеу
89 + X = 134
X = 134 − 89
X = 45
89 + 45 = 134
134 = 134
III. Өткенді пысықтау
Алдыңғы сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікке байланысты есептер шығарылды. Төмендегі сұрақтар арқылы білім тексеріледі:
-
1-сұрақ: Заттардың құнын қалай табамыз?
Бір заттың бағасын заттардың санына көбейтеміз.
-
2-сұрақ: Заттың бағасын қалай табамыз?
Құнын заттардың санына бөлеміз.
-
3-сұрақ: Заттардың санын қалай табамыз?
Құнын бір заттың бағасына бөлеміз.
IV. Жаңа сабақ
1) Оқулықпен жұмыс
Тақтада 5-ке көбейту кестесі берілген. Кесте неге бестен басталатыны талқыланады: 2·5, 3·5, 4·5 бұрын өткен.
2) Математикалық диктант
Оқушылар тек жауабын жазады.
2·5 = 10
3·5 = 15
4·5 = 20
5·4 = 20
5·3 = 15
5·2 = 10
10 : 2 = 5
15 : 3 = 5
20 : 4 = 5
Талқылау: көбейтінді мәндері қосу арқылы да табылады. Яғни, 5·5 — бұл 5-ті өз-өзіне 5 рет қосу.
Салыстыру: теңдіктің сол жағында көбейту кестесі, оң жағында сол мәндердің қосу арқылы жазылуы беріледі.
3) Неліктен әр келесі мән 5-ке артады?
Әр келесі көбейтіндіде 5 саны тағы бір рет қосылады. Сондықтан нәтиже алдыңғысынан 5-ке артық болады.
Қосу арқылы жазу
5·5 = 5+5+5+5+5
5·6 = 5+5+5+5+5+5
5·7 = 5+5+5+5+5+5+5
5·8 = 5+5+5+5+5+5+5+5
5·9 = 5+5+5+5+5+5+5+5+5
Нәтижелер
5·5 = 25
5·6 = 30
5·7 = 35
5·8 = 40
5·9 = 45
Қорытынды: ең тиімдісі — көбейту амалын қолдану.
Кестені құру: көбейткіштердің орын ауыстыру қасиеті
6·5 = 5·6
7·5 = 5·7
8·5 = 5·8
9·5 = 5·9
Ереже: көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді.
№3. 5-ке көбейту кестесін аяқтау (дәптерге)
5·5 = 25
5·6 = 30
5·7 = 35
5·8 = 40
5·9 = 45
6·5 = 30
7·5 = 35
8·5 = 40
9·5 = 45
№4. Бөлу: кері амал — көбейту
Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
25 : 5 = 5, себебі 5·5 = 25
30 : 5 = 6, себебі 6·5 = 30
35 : 5 = 7, себебі 7·5 = 35
40 : 5 = 8, себебі 8·5 = 40
45 : 5 = 9, себебі 9·5 = 45
Одан кейін «Ойлан, тап» ойыны арқылы тапсырмалар орындалады.
Тақтамен жұмыс
№8. Есептеулер
656 − 98 = 558
306 + 87 = 393
300 : 100 = 3
(34 + 636) − 920 = 70
720 − (384 + 216) = 120
90·10 − 756 = 144
40·7 − 40·5 = 80
70·3 + 70·2 = 350
80·3 + 30·2 = 300
№9. Өздік жұмыс
Берілген мәндер үшін 4·v өрнегін есептеу: v = 1, 2, 5, 8, 9, 0.
4·1 = 4
4·2 = 8
4·5 = 20
4·8 = 32
4·9 = 36
4·0 = 0
Сергіту сәті
Ойын: «Сарай құрастыру». «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» қағидасын негізге алып, топпен ынтымақта жұмыс ұйымдастырылады.
Есептер және тапсырмалар
№10. Мәтінді есептер
1-есеп
Т.д. — 6 (ор.)
Т.к. — 4 (ор.)
Әрқайсысы — 2 м
Шұңқыр — ?
Ш: (6 + 4)·2 = 20
Ж: 20 шұңқыр қазылды.
2-есеп
Ж. — 5 құмыра
Әрқайсысы — 10 гүл
К. — 42 гүл
Барлығы — ?
Ш: 5·10 + 42 = 92
Ж: 92 гүл өсіп тұр.
№12. Геометриялық тапсырма (ауызша)
-
Қандай фигуралар қиылысады?
Тік төртбұрыш пен бұрыш; шеңбер мен қисық сызық; шаршы мен тік төртбұрыш.
-
Периметр
1 қабырға = 1 см
Р = 1 см + 1 см + 1 см + 1 см = 4 см
Р = 1 см · 4 = 4 см
№11. Қалдықпен бөлу
6 : 5 = 1 (қалд. 1)
7 : 5 = 1 (қалд. 2)
8 : 5 = 1 (қалд. 3)
9 : 5 = 1 (қалд. 4)
11 : 5 = 2 (қалд. 1)
12 : 5 = 2 (қалд. 2)
1·5 + 1 = 6
1·5 + 2 = 7
1·5 + 3 = 8
1·5 + 4 = 9
2·5 + 1 = 11
2·5 + 2 = 12
Қорытынды және пәнаралық байланыс
Қорытынды сұрақтар
- Қандай тақырып өттік?
- 5 санына байланысты қандай білімді бекіттік?
«5» санына байланысты танымдық сұрақтар
5 саны тек математикада емес, әдебиетте, тарихта, дәстүрде де ерекше орын алады. Төмендегі бөлімдер арқылы ой-өріс кеңейтіледі.
1) Абайдың «5 асыл ісі»
- Талап
- Еңбек
- Терең ой
- Қанағат
- Рақым
2) Абай айтқан «5 дұшпан»
- Өсек
- Өтірік
- Мақтаншақ
- Еріншек
- Бекер мал шашпақ
3) «Ер жігіттің 5 қаруы»
- Садақ (кейіннен мылтық)
- Найза
- Қылыш
- Шоқпар
- Айбалта
Қосымша сұрақ: тәуелсіздік мерекесінің мерейтойы және қазақ батырлары туралы оқушылардың жауаптары тыңдалады.
4) «Қазақтың 5 арысы»
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Жүсіпбек Аймауытов
- Мағжан Жұмабаев
- Міржақып Дулатов
5) Мұсылман халықтарының «5 парызы»
- Зікір салу
- Намаз оқу
- Садақа беру
- Ораза ұстау
- Қажылыққа бару
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Сабақта орындалған үлгілерге ұқсас есептерді орындау, 5-ке көбейту және бөлу кестесін қайталау.
Бағалау
Оқушының белсенділігі, дәлдігі және өздік жұмыс нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі.