Өнімнің қалай жиналғаны немесе өндірілгені туралы жеке болжамдарын тыңдау

5-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?

Тарихи концепт

Өзгерістер мен сабақтастық

Сабақтың мақсаты

  • Алғашқы қауымдық кәсіп пен шаруашылық түрлерін сипаттайды.
  • Иемденуші және өндіруші шаруашылықтың айырмашылықтарын салыстырады.
  • Неолиттік төңкерістің ежелгі адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін саралайды.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

Алғашқы қауымдық құрылыс және адамдардың пайда болуы туралы түсініктер

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

Жағымды психологиялық ахуал

«Алдар Көсенің тілегі» арқылы сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі

Оқушылар бірнеше бөлікке бөлінген сурет қиындыларын құрастырып, төрт топқа бірігеді: терімшілер, аңшылар, егіншілер, малшылар.

Мотивация

Ояту сұрақтары

  • «Жиналды ма?»
  • «Өндірілді ме?»

Жеке жұмыс

Қазақстан тұрғындары үшін үйреншікті тағам түрлерін көрсету: құрт, сүт, күріш, алма. Оқушылардан әр өнімнің қалай жиналғаны немесе өндірілгені туралы жеке болжамдарын тыңдау. Осы суреттер мен сұрақтар арқылы оқу мақсатын айқындау.

Дескриптор

  • Түйінді сөздер арқылы тақырыпты анықтайды.
  • Топтың барлық мүшесі жұмысқа белсенді қатысады.

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі: әр топ өз атауына сәйкес берілген етістіктерді мағынасына қарай орналастырады.

Дескриптор

Таңдап алынған етістіктер негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық түрлерінің айырмашылықтарын тұжырымдай алады.

Бағалау: топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.

Жұптық жұмыс

«Зерттеу алаңы» әдісі (визуалды айғақтар):

  1. 1) Суретпен зерттеу

    Әр топ оқулықтың 16-бетіндегі суреттерді зерттеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша ортақ шешім шығарады. Толық әрі дәлелді жауапқа дауыс береді (жасыл стикер).

  2. 2) Уақыт сызығы және кескін картамен жұмыс

    1–2-топ

    Қолға үйретілген жануарларды және ежелгі адам мәденилендірген өсімдіктерді уақыт сызығында екі мерзім аралығын қамтитын тарихи кезеңдерге орналастырады.

    3–4-топ

    Кескін картадағы берілген аймақтарға өсімдіктер мен жануарларды орналастырады.

Дескриптор

  • Иемденуші және өндіруші шаруашылықтың ерекшеліктерін атайды.
  • Шаруашылық қызметтегі қарқынды өзгерістерді салыстырады.
  • Уақыт сызығы және кескін картамен жұмыс жасай алады.

Миға шабуыл және жеке жұмыс

Оқушылар жаңа ақпаратты қысқа форматта талдап, негізгі ұғымдарды бекітеді.

1) Видеоны талдау

BilimLand платформасындағы ағылшын тіліндегі сілтеме арқылы 27 секундтық видеоны көріп, неолиттік төңкерістің ежелгі адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін сараптайды және қорытындысын дәптерге жазады.

2) Терминдермен жұмыс

Ағылшын тіліндегі терминдерді қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларымен қайталап, дәптерге жазып алады.

Автор туралы мәлімет

Павлодар қаласы, №21 ЖОББМ тарих және география пәндерінің мұғалімі — Есмакаева Гүлмира Болатовна.

Материал: «Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады?»