Ана туралы өлең
Сабақтың мазмұны мен мақсаты
Бұл сабақ орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашуға және Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңінің мағынасын терең түсіндіруге бағытталған.
Жалпы мақсаты
«Ақ шаш» мәтіні мен «Ана» өлеңі арқылы ананы қадірлеу идеясының мәнін ашу, оқушының түсінуін тереңдету.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар мәтін мен өлеңнің мағынасын түсінеді.
- Ананы құрметтеу, сыйлау, ананың еңбегін ақтай білу қажеттігін ұғынады.
- Өз ойын жүйелі жеткізіп, өзін және сыныптастарын бағалай алады.
Міндеттері мен оқу нәтижелері
Міндеттері
- Мәтін мен өлеңнің мазмұны мен мағынасын ұғындыру.
- Ананы құрметтеу, сыйлау, ананың еңбегін ақтай білу керектігін түсіндіру.
- «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген ойдың мәнін ашу.
Оқу нәтижелері
Оқушылар мәтін мен өлеңнің негізгі ойын анықтап, мазмұнын түсініп айта алады.
Ананы қадірлеу құндылығын өмірлік ұстаным ретінде қабылдайды және оны мысалмен түсіндіреді.
Топтық жұмыс барысында пікір алмасып, өзін-өзі және өзара бағалау дағдысын қолданады.
Әдіс-тәсілдер, ресурстар және байланыс
Сабақ түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту және талдау сабақтары.
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Сұрақ–жауап
- Талдау, қорытынды
- Диалогтік оқыту
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Өзін-өзі және өзара бағалау
Көрнекілік және байланыс
- Слайдтар, суреттер
- Топтық тапсырмалар
- Бағалау парағы, көңіл-күй дидары
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныппен сәлемдесу.
Тренинг: «Гүл шоғы»
Мұғалім өзі бастап сәлемдеседі. Оқушылар қолдарындағы гүлді бір-біріне жылы тілек айтып ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, соңында мұғалімнің өзіне бір құшақ «тілектер шоғы» болып оралады. Бұл әрекет өзгеге жақсылық тілеп, игі іс жасасаң, оның өзіңе қайта оралатынын көрсетеді.
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу: қызыл, сары, жасыл.
II. Ой қозғау
Үй тапсырмасына шолу жасау.
1-топ
- С. Бегалин кім?
- «Мейірімділік» — адами қасиет.
2-топ
- Шоқанды сипатта.
- «Адамгершілік» ұғымын талқыла.
Формативті бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау.
III. Ой дамыту
Топпен жұмыс: негізгі ойды анықтау және түйін жасау. Мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Мақал-мәтелдер
Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Жұмбақ
Бала, бала деп, түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған.
Жауабы: Ана.
«Ана — кім?» сұрағына жауаптар: қамқоршы, дос, өмір сыйлаушы, ақылшы, жанашыр, мейірімді жан, пана, аяулы жан.
Осылайша бүгін біз ана туралы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінімен және Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.
IV. Тұлғаны танып-білу
Ақын-жазушылардың суреттерін көрсете отырып, олар туралы қысқаша мәлімет беріледі: В. Сухомлинский кім, бұрын қандай шығармаларын оқыдық, сондай-ақ Ғани Орманов туралы түсіндіру.
1-топ
Мәтінді рөлге бөліп оқу.
2-топ
Өлеңді мәнерлеп оқу.
3-топ
«Ақ шаш» мәтіні мен «Ана» өлеңін салыстыру.
Формативті бағалау: бірін-бірі бағалау.
V. Сергіту сәті
Ана туралы өлең айту арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру.
VI. Өз беттік жұмыс
Әр оқушыға жүрекше үлестіріледі. Оқушылар жүрекшеге аналарына арналған жылы тілектерін жазып, дауыстап оқиды.
Формативті бағалау: өзін-өзі бағалау.
VII. Кері байланыс
- Біз не білдік?
- Біз не үйрендік?
- Нені білгің келеді?
Формативті бағалау: өзін-өзі кері бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
- «Мен анаммен мақтанамын» тақырыбында шығарма жазу.
- Мәтінді оқу, өлеңді жаттау (күнделікке жаздыру).
IX. Бағалау
Смайликтер арқылы қорытынды бағалау.