Хлордың оттекті қышқылдары
Сабақ жоспары (10-сынып)
Химия пәні бойынша оқу материалы: галогендер, хлор және хлордың оттекті қышқылдары, иод.
Пән мұғалімі
Сыдықбекова Т. Н.
Мақсаты
Білімдік мақсат
- Оқушылардың галогендер туралы білімін жетілдіру.
- Химиялық элементтердің атом құрылысы туралы түсініктерін нақтылау.
- Жай зат ретінде галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерін меңгерту.
- Галогендердің қолданылуы мен алыну жолдары туралы білім қалыптастыру.
- Хлордың оттекті қышқылдары бойынша білімді жүйелеу және тереңдету.
Дамытушылық мақсат
- Галогендердің электрондық және графикалық формулаларын құрастыру дағдыларын дамыту.
- Галогендердің химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыра білуге үйрету.
- Қорытынды жасау, ақпаратты жүйелеу және химиялық тілде сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Сөздік қорды молайтып, білім-білік дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
- Сабақ уақытын тиімді жоспарлап, бағалай білуге үйрету.
- Еңбекқорлыққа баулу және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тақырыптар
§8.20–§8.21
- Галогендер
- Хлор
§8.22–§8.23
- Хлордың оттекті қышқылдары
- Иод
Лабораториялық тәжірибе
№20 тәжірибе
Крахмалдың иодқа әсері
Қамтылатын бөлімдер
§8.20, §8.21, §8.22, §8.23