Шаршы және тіктөртбұрыш

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт

Сабақтың тақырыбы

Шаршы және тіктөртбұрыш

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға шаршы мен тіктөртбұрыш туралы толық түсінік беру; геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету; есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға дағдыландыру.

Дамытушылық

Ой-өрісін, танымдық қабілетін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту; пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Санды тура табатын,

Қиын әрі қызықты,

Математика болатын.

Қызығушылықты ояту

Сұрақ: Математика пәні бізге нені үйретті?

Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыптарды пысықтау ұсынылады.

Үй тапсырмасы

Төмендегі мысалдарды шығару:

50 + 7 = 57

98 − 90 = 8

46 − 6 = 40

20 + 6 = 26

42 − 2 = 40

86 − 80 = 6

58 − 50 = 8

40 + 7 = 47

17 − 7 = 10

55 − 50 = 5

36 − 30 = 6

70 + 4 = 74

Мағынаны тану

Жетелеуші сұрақтар

Мұғалім: Балалар, қандай фигуралар шықты?

Оқушылар: Шаршы және тіктөртбұрыш.

Қорытынды: Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — «Шаршы және тіктөртбұрыш».

Жаңа сабақты меңгерту

  • Мысал 1: есептерді ауызша шығару.
  • Осы тапсырманы орындау арқылы қандай қорытындыға келдік?
  • «Сөйлемдерді аяқта» және «Соңғы сөзді мен айтайын» әдістерін қолдану.

Негізгі ұғымдар мен қасиеттер

Тіктөртбұрыш

  • Барлық бұрыштары тік.
  • Төрт қабырғасы, төрт төбесі және төрт бұрышы бар.
  • Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең.

Шаршы

  • Барлық қабырғалары тең.
  • Қарама-қарсы қабырғаларын беттестірсе, үшбұрыш пішіні шығады.

Салыстыру және қорытындылау

Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау үшін ортақ қасиеттерін табу ұсынылады. Бұл кезеңде Венн диаграммасы әдісін қолдану тиімді.

Ұқсастықтары

  • Екеуі де төртбұрыш.
  • Төрт қабырғасы, төрт төбесі және төрт бұрышы бар.

Айырмашылықтары

  • Шаршыда барлық қабырғалар тең, ал тіктөртбұрышта тек қарама-қарсы қабырғалар тең.
  • Екі фигура да тік бұрышты болғанымен, қабырғаларының теңдігі бойынша ажыратылады.