Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс сабағының жоспары

Бұл сайыс сабақ қабілеті төмен оқушылармен жұмысқа бейімделген. Негізгі идея — мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы тілдік белсенділікті арттырып, ойды нақты жеткізуге, шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу.

Мақсаты

  • Оқушылардың мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға қызығушылығын арттыру; көбірек білуге ынталандыру; шапшаңдыққа баулу.

  • «Сөз мәйегі — мақал» қағидасы арқылы ата-бабадан қалған өсиетті сөздерді меңгерту; адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; ойды нақты әрі дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

  • Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Қатысушылар 5–7-сынып оқушыларынан құралған үш топқа бөлінеді: «Сұңқар», «Барыс», «Қыран».

  • Мұғалімдерден әділқазылар алқасы сайланады.

Кіріспе сөз (мұғалім)

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс ойынымызға қош келдіңіздер! Мақал-мәтел — халық даналығының қазынасы, ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, ұлтпен бірге жасасып келеді. Сондықтан да мақал-мәтелдерді адамдар күнделікті өмірде, өзара қарым-қатынаста жиі қолданады.

Қазақ халқы мақал-мәтелге аса бай. Көлемі шағын болса да, мағынасы уақыт өткен сайын тереңдеп, құны арта түседі. Мақал-мәтел — тәрбиелік мәні зор рухани байлық. Ендеше сайысымызды бастайық.

Сайыс турлары

1-тур: «Кім көп біледі?»

Уақыты: 1 минут

Топтар мақал-мәтелдерді кезекпен айтып жарысады. Берілген уақыт ішінде қанша мақал айтылса, ұпай саны соған сай қойылады.

2-тур: «Мақал — сөздің мәйегі»

Тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі. Топтар жалғасын дұрыс тауып айтады.

Жалғастырылатын мақалдар

1) Туған жердей жер болмас,

Жауабы: туған елдей ел болмас.

2) Отан үшін отқа түс,

Жауабы: күймейсің.

3) Отанды сүю

Жауабы: отбасынан басталады.

4) Өнер — ағып жатқан бұлақ,

Жауабы: білім — жанып тұрған шырақ.

5) Жақсының аты өлмейді,

Жауабы: ғалымның хаты өлмейді.

6) Еңбек етсең ерінбей,

Жауабы: тояды қарның тіленбей.

7) Көп түкірсе,

Жауабы: көл.

8) Еріншек егіншіден,

Жауабы: елгезек масақшы озыпты.

9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Жауабы: күле-күле су ішерсің.

10) Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Жауабы: егін екпесең, жерге өкпелеме.

11) Ердің атын

Жауабы: еңбек шығарар.

12) Отан үшін күрес —

Жауабы: елге тиген үлес.

13) Жеті жұрттың тілін біл,

Жауабы: жеті түрлі білім біл.

14) Оқусыз білім жоқ,

Жауабы: білімсіз күнің жоқ.

15) Көре-көре көсем боласың,

Жауабы: сөйлей-сөйлей шешен боласың.

16) Өнер алды —

Жауабы: қызыл тіл.

17) Мектеп — кеме,

Жауабы: білім — теңіз.

18) Еңбектің наны тәтті,

Жауабы: жалқаудың жаны тәтті.

3-тур: «Кім тапқыр?!»

Жұмбақтардың шешуін табу жарысы.

1)

Қардай аппақ, балдай тәтті-ақ.

Жауабы: қант.

2)

Күнде оған қараймын, қарап шашымды тараймын.

Жауабы: айна.

3)

Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді.

Жауабы: хат.

4)

Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.

Жауабы: телефон.

5)

Айналада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.

Жауабы: жұмыртқа.

6)

Қабат-қабат қаттама, ақылың болса, аттама.

Жауабы: кітап.

7)

Өшірді, сүртті, өзгені құртты, өзін де құртты.

Жауабы: өшіргіш.

8)

Үйреткен білімді, қырық екі ілімді.

Жауабы: әліпби.

9)

Бір үйде тұрады елу батыр, үй сыртына шықса, өліп жатыр.

Жауабы: сіріңке.

4-тур: «Ойлан, тап!»

Жұмбақ — «алақанды жұмудан» шыққан ұғым: қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, «тап» дегеннен туған. Жұмбақ жасыру кезінде айтылар зат ойда бүгіліп, оған ұқсас нәрселермен теңестіріле, тұспалдап сипатталады.

Шарты: мұғалім жұмбақ жасырады. Оқушы жауабын тапқаннан кейін, сол жауапқа сәйкес мақал айтады.

1) Жұмбақ

Шыңдары шырқау, көшіп жүр бір тау.

Жауабы

Түйе

Мақал

Көрмес түйені де көрмес.

2) Жұмбақ

Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді.

Жауабы

Қар

Мақал

Қалауын тапса, қар жанады.

3) Жұмбақ

Желден желігеді, судан шегінеді.

Жауабы

От

Мақал

Отан — оттан да ыстық.

Қорытынды

Сайыс барысында оқушылар мақал-мәтел мен жұмбақтың мәнін тереңірек түсініп, сөздік қорын байытады, ойды нақты жеткізуге және топпен жұмыс істеуге машықтанады.