Балаларды шапшаңдыққа баулу
Мақсаты
Білімділік
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың денсаулығын нығайту.
- Хатха-йога элементтері арқылы дене түзулігін, икемділікті және ой-өрісті дамыту.
- Алға домалауды үйрету және нысананы дәл көздеуге баулу.
Дамытушылық
- Шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдық және тапсырманы нақты орындау дағдыларын дамыту.
- Қимыл-қозғалыс тәжірибесін кеңейту.
- Өмірлік маңызы бар жүріс дағдылары мен біліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Спорттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
- Достыққа, өзара қолдауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, ойын.
Құрал-жабдықтар
АКТ, балалар санына қарай кілемшелер, матрас, боулинг құралдары, ойын атрибуттары.
Сабақтың құрылымы
1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Мақсат қою және сапқа тұрғызу
Нұсқаушының іс-әрекеті
- Жаттығу мен белсенді іс-әрекет үшін спорт залына баруды ұсынады.
- Балаларды бір-бірден сапқа тұрғызады, жүру тәртібін түсіндіреді.
- Сәлемдесіп, белгі бойынша әртүрлі жүріс түрлерін орындатуға бағыт береді.
Балалардың іс-әрекеті
- Спорттық киімге, тапсырмалар мен ойындарға қызығушылық танытады.
- Спортша амандасады: «Физкульт-сәлем!»
- Сапта маршпен жүреді, белгіге сай жүріс түрлерін ауыстырады.
2) Ізденуші-ұйымдастырушылық кезең
«Ғажайып сәт»
Нұсқаушы балаларға балабақшаға келе жатып әдемі қорапша тапқанын айтады. Қорапшаның ішінде балалардың жаттығу жасап жатқан суреттері бар екенін көрсетіп, сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа жетелейді: «Бұлар кімдер? Суретте не істеп жатыр?»
Қорытынды: бүгін балалар жаңа жаттығулармен танысып, оларды бірге орындайды.
Жалпы дамыту жаттығулары (хатха-йога элементтері)
Асана жаттығулары нұсқаушының көрсетуі бойынша, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып орындалады. Омыртқаны тік ұстау, тынысты бақылау және денені бос ұстау ескертіледі.
I. Отыру қалпы және аяқтарды алмастыру
- 1. Оң аяқты артқа бүгіп, табанды бөксе бойымен орналастырамыз; сол аяқты дененің алдына бүгіп қоямыз. Қолды тізеге қоямыз, бас бармақ пен сұқ саусақты түйістіреміз. Омыртқа мен басты тік ұстаймыз.
- 2. Алдыңғы қалыпты сақтап, оң және сол аяқтың қалпын ауыстырамыз.
- 3. Оң аяқты шапқа қарай бүгеміз, кейін сол аяқты қасына қоямыз. Екі аяқты да демалыс күйінде ұстауға тырысамыз.
II. Алға еңкею және созылу
- 1. Алдыңғы қалыптан сол аяқты алға созамыз. Сол аяқ табанын бас бармақ пен сұқ саусақпен ұстап, басты тізеге жақындатамыз, денені босаңсытамыз.
- 2. Жаттығуды аяқтарды алмастырып (оң/сол) қайталаймыз. Денені босаң ұстап, қозғалысты бақылап орындаймыз.
- 3. Екі аяқты алға созып, бақайларды бас бармақ және сұқ саусақпен ұстаймыз. Басты тізеге жақындатамыз, тізені түзу ұстаймыз.
III. Етпетпен жату және арқа бұлшықеттерін белсендіру
- 1. Етпетімізден жатамыз. Қолды екі жаққа қойып, алақанды еденге тигіземіз. Бұлшықеттерді босатып, өзімізді теңізде жүзіп келе жатқандай елестетеміз.
- 2. Етпетімізден жатып, кеуде мен аяқты жоғары көтереміз.
- 3. Бір тізеге тіреліп, кеуде мен бір аяқты жоғары көтеру арқылы тепе-теңдікті сақтаймыз.
IV. Демалыс қалпы (еңкею)
- 1. Жартылай бүгіліп, басты тізеге жақындатып тұрамыз.
- 2. Тізеге түрегелеп отырып, маңдайды еденге тигіземіз.
- 3. Тізерлеп отырып, маңдайды еденге тигіземіз. Қолды екі жанына, маңдай тұсына қоямыз.
V. Бұралу және «көбелек» қалпы
- 1. I бөлімдегідей отырып, алға еңкейіп, басты алақанға тигіземіз.
- 2. Сол жамбасқа отырып, оң аяқты сол аяқтың тізесіне қоямыз. Сол қолды оң тізенің астынан өткізіп, оң қолды артқа жіберіп, екі қолды қосамыз. Омыртқаны мүмкіндігінше тік ұстаймыз.
- 3. Табандарды бір-біріне тигізіп, қолмен ұстаймыз. Тізені еденге қарай түсіреміз.
VI. Тыныс алу және зейін
I бөлімдегідей отырып, қолды біріктіріп «үшбұрыш» жасаймыз. Лотос элементін орындап, оң жақтан тыныс алып, сол жақтан тыныс шығарамыз (нұсқаушының бақылауымен).
Негізгі қимыл-қозғалыстар
- 1. Алға домалауды бекіту.
- 2. Нысанаға дәл көздеуді үйрету.
Тапсырмалар: боулинг ойыны арқылы дәлдікке жаттықтыру. Балалар жаттығуларды нұсқаушының көрсетуімен орындайды.
Қимылдық ойын: «Шортандар мен табандар»
Шарты: «Қатты ағыс» келгенде шортандар шығады. Сол сәтте табандар «тастың артына» тығылып үлгеруі керек. Мақсат — балаларды шапшаңдыққа, тез бағдарлануға баулу.
3) Рефлексиялық-түзетушілік кезең
Денсаулық технологиясы: релаксация
«Қане, әуе шары болайық». Шар — сендердің іштерің. Қолды ішке қойып, мұрынмен тыныс алып «шарды үрлейміз», ауызбен тыныс шығарып «желін шығарамыз». Көзді жұмып, түнгі аспанды елестетеміз: жарық ай, көп жұлдыз. Жұлдыздар жанып, жарқырап, кейде ағып түсіп жоғалады. Таң атады, күн шығады — біз де оянамыз.
Соңында нұсқаушы балаларға «Аспан ата» сыйлаған жарқыраған жұлдызшаларды береді және оның мәнін түсіндіреді.
Қорытынды
- Нұсқаушы балалардың белсенділігін атап өтіп, көңіл-күйлерін көтеріп, мадақтайды.
- Балалардан сабақта не көбірек ұнағанын сұрайды.
- Балалар қоштасады: «Физкульт-сау бол!»
Күтілетін нәтиже
Біледі
- Сапқа тұруды.
- Жүрістің әртүрлі түрлерін.
- Баяу жүруді жүгірумен алмастыруды.
Меңгереді
- Алға қарай домалауда тепе-теңдікті сақтауды.
- Нысанаға дәл көздеуді.
- Хатха-йога элементтерін.
Жасай алады
- Сапқа тұруды және саптық тәртіпті сақтауды.
- Ойын шарттарын орындауды.