Тіл тағдыры

Мұғалім туралы мәлімет

Аймақ

Атырау облысы, Исатай ауданы

Мектеп

Х. Наубетов атындағы орта мектеп

Мұғалім

Нұрмашева Шарбану Насырқызы

Санаты

Жоғары санатты мұғалім

Тақырып

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Сондықтан ана тілімізді қадірлей білу — ортақ парыз.

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
  2. 2 Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тілге қатысты сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.
  3. 3 Өз ана тілін қастерлеуге, өзге тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Тіл туралы ойлы сөздер.
  • Тілге байланысты мақал-мәтелдер.
  • Сынып сағатының көрнекі түрде безендірілген тақырыбы.

Жүру барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  3. 3 «Ұйқасын тап!» ойыны.
  4. 4 Оқушылардың тіл туралы өлеңдері.
  5. 5 Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

«Ұйқасын тап!» ойыны

Тапсырма: тіл туралы мақал-мәтелдердің жалғасын дұрыс табу.

1

Ана тілін білмеген адамештеңені сезбейтін надан.

2

Тіл тағдырыел тағдыры.

3

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

4

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

5

Өнер алдықызыл тіл.

Оқушылардың өлеңдері

Оқушылар ана тілі туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Айдос

Дихан Әбілов — «Туған тілім»

Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,

Туған тілім – анам тілі, өз тілім.

Туған тілім – далам тілі, өз тілім,

Туған тілім – адам тілі, өз тілім.

Ақбота

Өлең

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім мен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Мұрагер

Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым» (үзінді)

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Құндыз

Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым» (үзінді)

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Жас жүректі тіліммен «тілім» дедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Назерке

Мұқағали Мақатаев — «Үш бақытым» (үзінді)

Бақытым бар үшінші – Отан деген.

Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Альбина

Өлең

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Аманғали

Өлең

Тілім менің! Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,

Тұнығым, рухани жан азығым.

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Қорытынды сұрақтар

Сынып сағаты сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады.

1-сұрақ

Ана тіліміз қандай тіл?

2-сұрақ

Өнер алды не?