Өлеңді көшіріп жазу

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз қ мен ғ.

Сабақтың мақсаты

Қ дыбысына аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, қ дыбысының ғ дыбысына айналатынын меңгерту.

Білімділік

Қ дыбысының барлық буында келе беретінін, ал Ғ дыбысының сөз басында және ортасында келетінін, сөз соңында жазылмайтынын байқату.

Дамытушылық

Оқушылардың байқампаздығын, ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, жазу каллиграфиясына көңіл бөліп, көркем жаза білуге баулу; білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақ туралы

Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Проблемалық, ізденушілік
Көрнекілігі
Плакат, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қай тапсырма болса да
Орындамай қоймайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

119-жаттығу тексеріледі. Мұғалім сұрағы: «Сөздерге у дыбысы жалғанғанда қандай өзгеріс болды?»

Ой ашар (тақтадан оқу)

қолғап қолғабы
доп добы
тәртіп тәртібі
қорап қорабы
талап талабы
мектеп мектебі

Ереже: п дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б дыбысына айналады.

Енді осы үлгі бойынша жаңа сөздерді оқимыз және салыстырамыз:

қалақ қалағы
қасық қасығы
ұшақ ұшағы
қалпақ қалпағы
мысық мысығы
пышақ пышағы

Талқылау: алдыңғы ережені осы сөздерге қолдануға бола ма? Қай бөлігін өзгертіп айтамыз?

Жаңа тақырып

Негізгі тұжырым: Қ дыбысына аяқталған сөзге дауысты дыбыс жалғанса, қ → ғ болып өзгереді: қалақ → қалағы.

121-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазу. Күрделі тапсырманы орындау. Сөз соңындағы қ дыбысының ғ дыбысына айналғанын анықтау.

Ой қозғау

Кітаптағы ережені оқып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Айырмашылығы: ғ әрпі сөз соңында жазылмайды.

120-жаттығу (ауызша)

Қ дыбысының сөз басында, ортасында, соңында қолданылуын байқау және ғ дыбысының сөз соңында жазылмайтынына көз жеткізу.

Қорытынды: қ — барлық орында келе алады; ал ғ — сөз басында және ортасында кездеседі, соңында жазылмайды.

Көркем жазу

Әріптердің байланысын, арақашықтықты және біркелкілікті сақтап жазу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,
Екі қанат жаямыз.
Қарлығаш боп ұшамыз,
Көк аспанды құшамыз.
Жерге келіп қонамыз,
Орнымызды табамыз.