Технология сабынан алған білімдерін тексеру

Тақырыбы: «Білгір технолог»

Бұл танымдық-зияткерлік ойын 5-сынып оқушыларының технология пәнінен алған білімін тексеруге, ойлау қабілеті мен тапқырлығын шыңдауға, өз-өзіне сенімділігін арттыруға және пәнге қызығушылығын күшейтуге бағытталған.

Түрі

Танымдық – зияткерлік ойын

Пәнаралық байланыс

Биология, қазақ тілі, тарих, орыс тілі

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, бағалау парақтары

Қатысушылар

Әр топтан 3 оқушы

Кіріспе: жүргізуші сөзі

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап тым отыру жараса ма?
Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес —
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос соға берме,
Ойсыз соқыр сенімнің соңына ерме.
Зерделеп сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде ерекше күн: 5-сыныптар арасында өтетін «Білгір технолог» атты зияткерлік-танымдық ойынға қош келдіңіздер!

Ортаға сайыс қатысушыларын шақырамыз. Сайысқа 3 топ қатысады:

  • 1

    «Жалын» тобы

    5 «А» сынып оқушылары

  • 2

    «Туған жер» тобы

    5 «Ә» сынып оқушылары

  • 3

    «Достық» тобы

    5 «Б» сынып оқушылары

Әділқазы алқасы

Әділдікті басты мақсат еткен қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  • А. Теміршиева
  • Ж. Қожағали

Ойын ережесі

  • 1 Ойын 5 кезеңнен тұрады.
  • 2 Әр ойыншының тек бір ғана жауабы қабылданады.
  • 3 Жауап нақты, дәл және жинақы болуы тиіс.

Сайыс кезеңдері

  1. I кезең

    Сандар сыры

  2. II кезең

    Жеті жұмбақ

  3. III кезең

    Ережелер

  4. IV кезең

    Мұрағаттар

  5. V кезең

    Қол өнер

I кезең: Сандар сыры

Оқушыларға 11 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың жауабы — белгілі бір сан. Дұрыс жауаптар бойынша ұпай жинайды.

Сұрақ Жауап
1 Адам ағзасында шамамен қанша килограмм су болады? 40–45 кг
2 Ыстық тағамның температурасы қанша градус шамасында болады? 50–60 °C
3 Салқын тағамның температурасы қанша градустан төмен болады? 10 °C-тан төмен
4 Бір жұмыртқаның құрамында қанша пайыз май болады? 10%
5 Кофені қаңылтыр құтыда немесе шыны ыдыста қанша айға дейін сақтауға болады? 12 ай
6 Шайды шыны ыдыста қанша жылға дейін сақтауға болады? 2 жыл
7 Какаоны Еуропаға алғаш жеткізген Колумб қай жылы әкелді? 1492 жыл
8 Көкөніс дақылдарын қараңғы жерде қандай температурада сақтайды? 1–3 °C
9 Қол жұмысын орындағанда көз бен бұйым арасындағы қашықтық шамамен қанша сантиметр болуы керек? 30 см
10 Инелердің нөмірлері нешеге дейін болады? 1-ден 12-ге дейін
11 Сантиметрлік таспаның ұзындығы қанша сантиметр болады? 150 см

II кезең: Жеті жұмбақ

Бұл бөлімде технология пәні және басқа пәндер бойынша ұпайлық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап команда қоржынына ұпай болып қосылады.

Сұрақтар тізімі

  • 20 ұпай · Технология

    Зығыр маталар нешеге бөлінеді?

    Жауабы: 3

  • 30 ұпай · Ағылшын тілі

    «Әуен» — tune, «сан» — number. Ағылшын сөздерін қазақшаға аудар.

    Жауабы: tune — әуен; number — сан

  • 40 ұпай · Қазақ тілі

    Омоним сөздер дегеніміз не?

    Жауабы: дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер тобы

  • 20 ұпай · Информатика

    Пернетақта неше бөліктен тұрады?

    Жауабы: 5

Жалғасы

  • 30 ұпай · Әдебиет

    «Керқұлы атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын қысқаша баянда.

    Жауабы: қысқаша мазмұндау

  • 40 ұпай · Тарих

    Тарихи дерек көздері нешеге бөлінеді?

    Жауабы: 5 (ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық)

  • 20 ұпай · Жаратылыстану

    Тау жыныстары пайда болуына қарай неше топқа бөлінеді?

    Жауабы: 3 (магмалық, шөгінді, метаморфтық)

  • 30 ұпай · Технология

    Мақта — неше жылдық өсімдік?

    Жауабы: 1 жылдық

  • 40 ұпай · Математика

    Амалдарды орында:

    1) 37×42 − 1461 = 93

    2) 728 ÷ (617 − 526) = 8

    3) (46×15 − 71×9) ÷ 3 = 17

III кезең: Ережелер

Оқушыларға технология сабағындағы құралдардың суреті көрсетіледі. Әр топ сол құралға қатысты қауіпсіздік ережелерін жатқа айтады.

1-топ

Қайшы

Қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

2-топ

Ине

Инемен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

3-топ

Оймақ

Оймақты дұрыс қолдану және қауіпсіздік талаптары.

IV кезең: Мұрағаттар

Бұл бөлімде қолөнерге байланысты ұмыт бола бастаған көне сөздердің мағынасы ашылады. Командалар сандықтан нөмірленген қағаз алып, берілген сөздің мәнін түсіндіреді.

Ақмауыты
Мақта мен жүнді қосып тоқылған қымбат мата.
Сан
Шыт мата.
Тібек
Қалың мата.
Шөжім
Жұқа мата.
Атау
Ағаш сақтайтын қойма.
Ақжамбы
Таза күміс.

V кезең: Қол өнер

Қатысушылар геометриялық бұрыш кестесін жылдам әрі дәл бейнелеп, жұмысты аяқтайды. Бұл кезең ұқыптылықты, қол икемін және уақытты тиімді пайдалануды талап етеді.

Бағалау критерийлері

  • Жылдамдық
  • Дәлдік
  • Тазалық және ұқыптылық

Қорытынды

Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.
Жарайсың, айналайын сайыскерім!

Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтағай әрдайым!

Осылай дей отырып, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Талай қиын асулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер!

Келіп тамашалаған көрермендерге, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне және оқушыларға көп рахмет!

«Білгір технолог» атты танымдық ойын өз мәресіне жетті. Енді марапаттау рәсіміне көшеміз.

Марапаттау

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушылар марапатталады.