КҮЛПАШ әңгімесімен танысу мазмұнын ашу
Сабақ тақырыбы
Сабақтың тақырыбы: «Күлпаш». Автор: Бейімбет Майлин.
Сабақтың мақсаты
Негізгі мақсат
«Күлпаш» әңгімесімен танысу, мазмұнын ашу және негізгі идеясын түсіну.
Білімділік
Оқушыларды Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесімен таныстыру, шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық
- Сауатты және мәнерлеп оқуға баулу.
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Ел тарихы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік
- Өнер мен білімге қызығушылықты арттыру.
- Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білуге және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
СТО технологиясы, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік арқылы түсіндіру.
Көрнекілік
Суреттер, «Жазушылар» топтамасы.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
- Психологиялық ахуал: смайликтер арқылы көңіл күйді белгілеу.
Сәттілік тілеу
Нұрлы жол — болашаққа бастар жол, Білімдіге қасиетті асқар жол. Бүгінгі күнге сәттілік тілеген — Айқын жол, сара жол.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Ілеспе сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Әр жауап сайын «сиқырлы әріптер» ашылып отырады.
Сұрақтар
- Тоқаш Бокин не үшін күресті?
- Түрмеде оған қандай айып тағылды?
- Айыптау қорытындысы қандай болды деп ойлайсыңдар?
- Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
- Ол анасымен не туралы сөйлесті?
- Анасы Тоқашқа не айтты?
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Тақырыпты ашу
Оқушылар ақ параққа кластер жасап, автор туралы бастапқы ойларын жазады. Одан кейін ортақ талқылау арқылы мәлімет толықтырылады.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Оқулықтың 93-бетін ашып, Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалады: ол 1894 жылы Қостанай облысында туған, ауыл мектебінде сауат ашқан. Троицк қаласындағы медреседе, кейін Башқұртстанның Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған. Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан.
Өлеңді оқу
Жырлағаным — кедейдің жыры, Сырлағаным — кедейдің сыры. Сырым да бір, жырым да бір — Мен дағы сол кедейдің бірі.
Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түсінбеген сөздерін түртіп отырады.
4) Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды, мазмұны бойынша қысқа талқылау жүргізіледі.
5) Сергіту сәті
Би терапиясы
Сергіп ойнап бәріміз, Жаттығуды жасайық. Биді билеп сергіп ап, Білімге білім қосайық.
6) Сөздік жұмысы
Оқушылар дәптерге жаңа сөздерді жазып алады.
- Өрім-өрім
- Тозған, жыртылған.
- Бөкебай
- Басқа тартатын шәлі.
- Ызғырық
- Суық жел.
- Өлмелі кедей
- Өте кедей.
7) Қорыту сұрақтары
Мәтін бойынша түсіну деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:
- Ел басынан өткен бұл оқиға қай кезеңде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неліктен асыға күтеді?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Қалидың халі сендерге қандай көңіл күй тудырды?
8) Бекіту
Суретпен жұмыс
Оқушылар берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтады.
Ойтолғау
Түрткі сұрақ: «Егер осы оқиға қазіргі таңда болса, мен не істер едім?» Оқушылар өз ойларын жазып, сынып алдында бөліседі.
9) Үй тапсырмасы
- «Күлпаш» әңгімесін оқып, мазмұнын айту.
- Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? Үлкендерден сұрап, мәлімет жинап келу.
10) Бағалау
Оқушылардың жұмысы текшелер (бағалау құралдары) арқылы бағаланады.