Онда күз еді, тағы да енді күз келді, Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді

Онда күз еді, тағы да енді күз келді,
Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді.
Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін,
Қауыштырар күн де жақын бізді енді.

Хат жазыстық, сыр айтыстық, ұғыстық,
Дегем талай: шекарамыз тыныштық.
Еліміздің шекарасын күзеттік,
Сол тыныштық - Отан үшін ырыс - құт.

Біз өткіздік әскердегі жылды, айды,
Енді көңіл жүрек әнін тыңдайды.
Сарбаздарға туған жері қол бұлғап,
Сағынышы бұрынғыдан ұлғайды.

Олар бүгін солдат болды - шыңдалды,
Өткізді де жауынгерлік сындарды.
Дейді енді: туған жер мен туысқа
Оралуға бізге қанша күн қалды.

Олар мұнда алды құрыш - тағылым,
Сәлемдерін елге жеткіз бәрінің.
Ұмытқан жоқ сарбаз бір сәт достарын,
Ойлады әр кез ата - анасын, Аруын.

Отан барда - қалмас ұлдар еленбей,
Қорған олар сауыт - болмыс берендей.
Өз көңілім өзің жаққа қол бұлғап -
Туған Отан - Сырға сәлем дегендей.

Кеше күз еді, тағы, міне, күз келді,
Сарбаз көңіл сағыныш боп жүзді енді.
Хазар жақтан тыныштық боп күлген күн
Аман - есен қауыштырсын біздерді!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Лэпбук мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілдерін оқытудың заманауи құралы ретінде атты 4-5 жастағы балаларға арналған жоба
Көш атты өлеңінде
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Қазақ халқының тарихы
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім