Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
Химия пәнінің мұғалімі: Темиралиева Аяжан Джигеровна
Жалпы мақсат
Оқушылардың молекулалық формулаларды анықтауға арналған есептер шығару арқылы алған білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Ой белсенділігін күшейте отырып, нақты әрі жүйелі шешім қабылдауға үйрету; бейметалдар мен металдар туралы білімдерін кеңейту, ой-өрісін және зейінін дамыту.
Шығармашылық ізденісін, іскерлік дағдыларын және пәнге қызығушылығын арттыру; өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері
-
Теориялық білімін жүйелейді, молекулалық формулаларды анықтап, есеп шығару дағдысын қалыптастырады.
-
Іске асыру теңдеулерін жаза отырып, есептерді жүйелі және нақты шығарады.
-
Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді.
Негізгі идеялар
Ресурстар мен құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер мен ұйымдастыру
- Бекетовтың электрохимиялық кернеу қатары кестесі
- Интерактивті тақта
- Смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар
- Рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер
- Маркерлер
Зертханалық жабдықтар мен реактивтер
- Стакандар, шыны таяқша
- Сынауықтар, штативтер
- FeSO4, FeCl3, NaOH, AlCl3
Сабақ барысы: кіріспе бөлім
Психологиялық дайындық және ұйымдастыру
- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Топқа бөлу: әртүрлі стакандар арқылы 4 топқа бөлу. І топ — сары стакандар; ІІ топ — жасыл стакандар; ІІІ топ — қызыл стакандар; ІV топ — көк стакандар.
- Әр топ өз топ басшысын сайлайды және топ ережесін құрастырады.
- Бағалау парағы таратылады.
Білу: «Менен жылдам сұрақ, сізден жылдам жауап»
Үй тапсырмасы «Футбол» ойыны форматына сай жылдам сұрақ-жауап арқылы тексеріледі.
Тапсырма №1 — «Футбол» ойыны (жылдам сұрақ-жауап)
- 1. Параллель жүретін реакциялар дегеніміз не?
- 2. Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлерін білесіз?
- 3. Тәжірибе жүзінде қоспаларды тазарту әдістері қандай?
- 4. Күнделікті өмірде кездесетін қоспалардың маңызы қандай?
- 5. Орынбасу реакциясы деген не? Тотығу-тотықсыздану реакциялары деген не?
- 6. Гальваникалық элемент деген не?
- 7. Электродтық потенциал деген не?
- 8. Электролиз деген не?
- 9. Генетикалық байланыс дегеніміз не?