Балалардың орындауында Қуыршақ әні
Мерекелік шараның мақсаты мен мазмұны
Бұл шараның басты мақсаты — халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын таныта отырып, Наурыздың қазақтың ұлттық мейрамы ретіндегі мәнін ашу, балалардың көңіл күйін көтеру және ұлттық өнерді кеңінен дәріптеу.
Нені игереді
- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін танып-білу.
- Үш тілде тақпақ, өлең айту арқылы тілдік дағдыларын дамыту.
- Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды меңгеру.
Пәнаралық байланыс
- Тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу.
- Шығармашылық өнер, көркем әдебиет.
- Орыс тілі және ағылшын тілі.
Негізгі идея
Наурыз — «жаңа күн». Бұл — ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы тойлап келе жатқан жыл басы, береке мен бірліктің мерекесі.
Тілек:
Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын! Бейбіт заман орнасын, ағайын-жұрт тегіс аман болсын!
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық!
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!
Шашу
Бибісара ханым шашу шашады.
Құрметті қауымға арнау
Армысыздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар, үлкен-кіші ағайын!
Құттықтау сөз
Ендеше сөз кезегін «Атамұра — орда» балабақшасының құрылтайшысы Серікбай мырзаға және балабақша меңгерушісі Ботагөз ханымға береміз.
Концерттік бағдарлама
Ән: «Мереке»
«Құрт-бауырсақ шашылсын, Наурыз тойы ашылсын. Бір-бірінен мынау жұрт өнерлерін асырсын!»
Орындайды:
Серікбай
Би: «Домбыра»
«Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында… Ол — алтын саз, күмбірлеген домбыра!»
Орындайды:
Ақтілек, Инабат, Айару, Диана
Ән: «Балапан»
«Наурыз тойы басталды, терме жырлар есілсін, арадағы араздық татулықпен шешілсін.»
Орындайды:
Бағжан
Наурызға арналған тақпақтар
Інжу
Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!
Берік
Қарық қып құтты Наурыз!
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кесеңе!
Нұрасыл
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Басталыпты Наурыздан!
Нұриман
Ұлыстың ұлы күнінде
Көппен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның!
Би: «Батырлар»
Елін қорғап, кең-байтақ жерін қорғап, ұрпағына аманат еткен — қазақтың батырлары. Ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.
Орындайды:
Айсұлтан, Нұрғиса, Бексұлтан, Мирас, Ерсайын, Әбдімансұр
Ән: «Қуыршақ»
«Бала деген — салтанатың, жарығың, ол сөнбейтұғын жәннатың…»
Орындайды:
Жасұлан, Нұргүл, Гаухар, Інжу, Аяулым, Айару, Кәусар, Райым
Қуыршақ биі
Даная, Кәусар
Үш тілдегі үзінділер
Қысқа шумақ
Қыс пен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Ағылшын тілі
Нұрғиса: Clean the blackboard, clean the door, clean the table, clean the floor.
Ерсайын: Hickety, pickety, my black cat likes to sit in my blue hat.
Айсұлтан: My family: I have a father, I have a mother, I have a sister, I have a brother. Father, mother, sister, brother—hand in hand with one another.
Ән (ағылшынша)
Бағжан, Мирас, Бексұлтан — «My Bonnie»
Орыс тілі
Анеля:
В степи, на жайляу,
Пасутся овечки.
Там дедушка юрту
Поставил у речки.
Ұлттар достығы
Біз — қонақжай, тату елміз. Еліміз көптеген ұлт өкілдерінен тұрады, соның бірі — орыс халқы.
Орыс биі
«Калинка» — Анеля
Наурызға тілек
Гаухар:
Наурыз тойың, Наурыз тойың
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық!
Дәстүр мен бейбітшілік туралы
Дінмұхамбет:
Ән менен күй жарасқан,
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан.
Қадірлейік бейбіт аспан ақ құсын,
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін!
Өзбек биі
Нұрияның орындауында
Қонақтарға сөз және алғыс
Қонақтар — екі ауылдың әкімдері Сейілов Медет және Арысбаев Бауыржан мырзаларға құттықтау сөз беріледі.
Балабақша басшыларына алғыс хат табысталып, шапан жабылды.
Қорытынды
Қош келдің, Әз-Наурыз!