Масса - скалярлық шама

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, алдыңғы білімді белсендіру, жаңа ұғымдарды меңгерту және бекіту жұмыстарымен жалғасады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
  • Шағын топтарға бөліп отырғызу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Блиц-турнир форматы

Оқушылар берілген тұжырым дұрыс болса «иә», қате болса «жоқ» деп жауап береді.

  1. 1) кг·м/с — дене импульсінің өлшем бірлігі. (иә/жоқ)
  2. 2) Күш пен оның әсер ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады. (иә/жоқ)
  3. 3) F·t — дене импульсінің формуласы. (иә/жоқ)
  4. 4) F = ma — ауырлық күшінің формуласы. (иә/жоқ)
  5. 5) Дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама — дене импульсі. (иә/жоқ)
  6. 6) Масса — скаляр шама. (иә/жоқ)
  7. 7) Дененің бір бөлігі белгілі бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс реактивті қозғалыс деп аталады. (иә/жоқ)

Карточка арқылы есептер

I топ

  1. 6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?
  2. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

II топ

  1. Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг·м/с болса, дененің жылдамдығын табыңдар.
  2. Массасы 160 кг шайбаның импульсі массасы 8 кг, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы керек?

III. Қызығушылықты ояту

Оқушылар ребус шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды (2–3 минут).

IV. Жаңа сабақ

10 минут

Энергия — дененің күйін сипаттайтын физикалық, скаляр шама. Адамның күйі туралы айтқанда (қан қысымы, температура және т.б.), белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттаймыз.

Күй ұғымы

Күй — дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы. Механикада дененің механикалық күйін сипаттау үшін екі параметр маңызды:

  • берілген уақыт мезетіндегі орны;
  • қалай қозғалатынын сипаттау (жылдамдық).

Демек, бұл — нүктенің координаталары мен жылдамдығын көрсету. Бұлар күй параметрлері.

Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама механикалық энергия деп аталады. Механикалық энергия — дененің механикалық жұмыс істей алу қабілеті.

Өлшем бірлік

Джоуль (Дж)

Энергияның SI жүйесіндегі өлшем бірлігі.

Кинетикалық энергия

Қозғалыстағы дененің энергиясы — кинетикалық энергия.

Потенциялық энергия

Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты энергия — потенциялық энергия.

Тұйық жүйе және энергия түрленуі

Өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай жүйе тұйық жүйе деп аталады.

Энергияның түрленуіне мысалдар: соқтығысқан шарлар, ЖЖС (Жер–жүйе), серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалысы.

Жүйенің толық энергиясы тұрақты:

Eтолық = Ek + Ep = const

Энергияның сақталу заңы: табиғатта энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды — ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Қорытынды ой

Механикалық жұмыс — энергияның өзгерісі. Дене энергияға ие болғанымен, жұмыс істеу үшін энергияның өзгеруі қажет.

V. Бекіту

Есептер шығару

  • 19-жаттығу: №1, №3
  • 20-жаттығу: №1, №4
  • Есептер жинағынан қосымша есептер шығару

Тест тапсырмалары

  1. 1) Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз:

    • A) денелердің немесе дене бөліктерінің өзара орналасуына байланысты энергия
    • B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы
    • C) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы
    • D) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергия
  2. 2) Қандай физикалық шамалар «Дж» өлшем бірлігімен өлшенеді?

    • A) күш импульсі
    • B) күш моменті
    • C) дене импульсі
    • D) күш
    • E) энергия
  3. 3) Энергияның сақталу заңы:

    • A) E = mgh
    • B) E = mv2/2
    • C) Ek = Eт + Ep
    • D) Eт = Ek + Ep
    • E) Ep = Eт + Ek
  4. 4) Массасы 10 кг, жылдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясы:

    • A) 80 Дж
    • B) 800 Дж
    • C) 160 Дж
    • D) 1600 Дж
    • E) 180 Дж
  5. 5) Қай шама формула бойынша анықталады?

    • A) дене импульсі
    • B) күш импульсі
    • C) кинетикалық энергия
    • D) потенциялық энергия
  6. 6) Дене жер бетінен h биіктікке көтерілді. Жерге қатысты потенциалдық энергиясы:

    • A) mgh
    • B) mg
    • C) gh
    • D) mg·h
    • E) mgh/2

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

VII. Рефлексия: «Білім ағашы»

Оқушылар тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып, «Білім ағашына» жапсырады. Әр оқушыға түсті алма беріледі:

  • Қызыл

    Сабақ өте жақсы өтті.

  • Жасыл

    Сабақ жақсы (орташа) өтті.

  • Сары

    Сабақ қиын өтті, қосымша қолдау қажет.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Тақырыптың толық нұсқасын жүктеу.
  • Слайдты жүктеу.