Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Ақтаева Жанна Тұрланқызы, бастауыш сынып мұғалімі

Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю. Гагарин атындағы орта мектеп

Сабақ тақырыбы

5 санын қосу және азайту

Қосу Азайту Өзара байланыс Ауыстырымдылық қасиет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
  • Қосу мен азайтудың өзара байланысты екенін түсіндіру.
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиетін еске түсіріп, 5 санына қатысты есептер шығарту.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа және таза жазуға баулу.
  • Шапшаңдыққа, тез әрі дәл ойлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті кеңейту, пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер

Суреттер, сандар қатары, үлестірме парақшалар.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, тақтамен және дәптермен жұмыс, ойын элементтері.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.

2) Өткенді пысықтау

Сұрақтар

  • Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
  • 4 санын қосу және азайту бойынша қандай тапсырмалар орындадық?
  • Үй тапсырмасынан қай есептер берілді?

Орындау форматы

  • №1 есеп: 3 оқушы кезектесіп тақтаға шығады.
  • №3 есеп: ауызша талдау жүргізіледі.

3) Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі (№1 мысал)

5 санын қосу және азайту тәсілдері түсіндіріледі. Қосу мен азайтудың байланысы нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.

Өзбеттік жұмыс (№2)

Кестені дәптерге толтыру:

Мысал

1 + 5 = ___

Мысал

5 + 1 = ___

Мысал

10 − 5 = ___

Негізгі ұғым

Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: a + b = b + a.

Тақтамен жұмыс (№3 есеп)

Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?

Шарты

  • Отырды — 9 балапан
  • Ұшып кетті — 5 балапан
  • Қалды — ?

Шешуі

9 − 5 = 4

Жауабы

4 балапан қалды.

Дәптермен жұмыс (№4): «Кім шапшаң?» ойыны

Ойын шарты: 4 оқушы тақтаға шығып, әрқайсысы бір бағандағы есептерді шығарады. Кім бірінші аяқтаса, сол — жеңімпаз.

1-баған

  • 10 − 10= ___
  • 6 + 2= ___
  • 4 − 2= ___

2-баған

  • 7 + 2= ___
  • 8 − 0= ___
  • 4 + 2= ___

3-баған

  • 6 − 4= ___
  • 7 + 0= ___
  • 6 + 3= ___

4-баған

  • 7 − 2= ___
  • 5 + 3= ___
  • 9 − 4= ___

№5 тапсырма: «Қай жол артық?»

Сан қатарын қарап, артық элементті анықтау:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

№6 тапсырма: Логикалық есеп

Бірдей түймені тап.

Оқушылар салыстыру, сәйкестендіру және дәлелдеу арқылы дұрыс жауапқа келеді.

Қорытынды және кері байланыс

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз қай санды қосу мен азайтуды үйрендік?
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиетін кім түсіндіреді?
  • 5 санын қосу кестесін кім жатқа айтады?
  • 5 санын азайту кестесін кім жатқа айтады?

Бағалау және тапсырма

Мадақтау

Белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы атап өтіледі.

Үй тапсырмасы

№3 және №4 есептерді шығару.