Сайыскерлер сөз кезегі өздеріңізде
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебі
Математика пәні мұғалімі: Құрманалина Ақсырға Боранбайқызы
Математика – ақыл-ойдың әуені
Мақсаты
- Оқушылардың математика пәні бойынша білім-танымын кеңейту.
- Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, қабілетін ашу және талабын ұштау.
- Өз ойын еркін, нақты жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
- Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Түрі: топтық сайыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Қажетті құрал-жабдықтар
Кіріспе
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді «ИФМ – әлеміне саяхат» атты апталықтың төртінші күнінде өтетін «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер!
Бүгінгі математикалық сайысымызға 7–8–9-сыныптардан келген білімді әрі ұшқыр ойлы оқушылардан құралған топтар қатысады. Әр топ 3 оқушыдан тұрады.
Қатысушы топтар
Арифметика
Есепте дәлдік, ойда тәртіп.
Логика
Дәлел мен тұжырым – басты қару.
Математика
Білім – тәжірибемен толыққан кезде күш.
Сайыс жоспары
I кезең: Өмірдерек
Топтың атын және ұранын таныстыру.
II кезең: Үй тапсырмасы
- Саналы тәрбие (сандар кездесетін мақал-мәтелдер айту)
- Білгенге маржан (математиканың құндылығын мысалмен түсіндіру)
III кезең: Сапалы білім
Есептер шығару (кеспе қағаздар арқылы).
IV кезең: Қимылды ойын
- «Әр қолда – өзінің ісі»
- «Кім жылдам?»
- Практикалық тапсырма
V кезең: Сен білесің бе?
Логикалық тапсырмалар.
VI кезең: Кім тапқыр?
- Геометриялық фигуралардан сөз құрау
- «Ойымды жалғастыр» (оқушылардың ақындық қырын байқау)
VII кезең: Капитандар сайысы
Көшбасшылық пен жылдам ойлауды бағалау.
VIII кезең: Қорытынды
Нәтиже шығару және марапаттау.
Әділқазы алқасы
«Шын жүйрік шабысынан танылды, нақты білім мен терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда — сіздерге құрметпен қол соғылады», — деп, сайыскерлерге әділ баға беретін әділқазы мүшелерін құрметпен орындарына шақырамыз.
- __________
- __________
- __________
Сайыстың басталуы
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы — заман талабы. Мектебімізде болашағынан үміт күттіретін оқушылар аз емес. Солардың қатарындағы бүгінгі сайыскерлеріміз дайын болса, сайысымызды бастайық.
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз алдым.
Танысайық ғажап ойын, ғажап күн.
Тілегіміз бір — батырақта да емес, байда да емес.
Емеспіз бе азаматы қазақтың!
Топтармен танысу рәсімі «Өмірдерек» кезеңінен басталады.
II кезең: Үй тапсырмасы
1-бөлім: Саналы тәрбие
Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,
Әр мақалда байқадым сандар барын.
Не деген дана болған ата-бабам,
Есепке жүйріктігіне қайран қалдым.
Мақалды қолданамыз, мән бермейміз,
Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз.
Компьютердің заманы келген кезде,
Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз.
- Құрамында сан бар мақал-мәтелдерді кезектесіп, мүдірмей айту.
- Бір оқушы 2–3 мақал айта алады, бірақ бір мақал қайталанбауы тиіс.
- Әр мақал 1 ұпай болып есептеледі.
2-бөлім: Білгенге маржан
Бұл бөлімде оқушылар математиканың құдіретін және маңызын нақты мысалдар арқылы түсіндіреді. Бағалау түсіндіру шеберлігіне қарай жүргізіледі.
Ең жоғары ұпай
10
Бағалау өлшемі
Ойдың нақтылығы, дәлелі, көркем жеткізуі
Біз тәуелсіз ел деп кеуде кереміз. Астанамыздың асқақ, ордамыздың құт-берекелі болуын, ал шәкірттеріміздің жан-жақты білімді болып өсуін тілейміз.
III кезең: Сапалы білім
Қате жазсаң біреуін — кідіресің,
Жол таба алмай әрі қарай мүдіресің.
Есеп шығару кезеңі келген кезде —
Алған барлық біліміңді білдіресің.
Тапсырма
Әр топқа кеспе қағазға жазылған есептер беріледі.
Бағалау
Дұрыс шығарылған әр есепке 5 ұпай.
Үндеу
Іске сәт, сайыскерлер! Білімдеріңізді таразылап көріңіздер.
«Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» — өз мүмкіндігіңді дәлелдейтін сәт те осы.