Сөз тіркесінің мағынасын ашуы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Біліміңді сынап көр!» марафоны
Сабақтың түрі мен типі
Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерге қызығушылықты арттыру, оқу мотивациясын күшейту және оқушылардың білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері

Білімдік міндет

Оқушыларды пәнге және оқуға қызықтырудың тиімді тәсілдерінің бірі — сайыс. Сайыс барысында оқушылар жылдам есептеуге, ойды тез жинақтауға дағдыланады. Дайындық кезеңінде ізденімпаздық пен шығармашылық қабілет дамып, практикалық дағдылар нығаяды. Нәтижесінде оқушылар білімін шыңдайды.

Тәрбиелік міндет

Оқушылар арасында өзара көмек, ынтымақтастық және достық құндылықтарын қалыптастыру. Білімге құштарлықты арттыру, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауды, шапшаңдық пен тапқырлықты тәрбиелеу.

Дамытушылық міндет

Ойлау әрекетінің тәсілдерін (салыстыру, талдау, синтез, жалпылау) меңгерту. Командалық қарым-қатынасты бекітіп, бірігу, сыйлау және көмектесу сияқты қасиеттерді дамыту.

Марафонның өту тәртібі

1

Әр бекетте сарапшы мұғалімдер болады. Олар топтардың бағалау парағына ұпайларды белгілеп отырады.

2

Әр топ өзін таныстырады және амандасу рәсімін орындайды.

Марафон бағдарламасы

I бекет: Блиц сұрақтар

1 минут

1 минут ішінде ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру.

Бағалау критерийлері

  • Уақытты тиімді пайдалануы
  • Дұрыс жауап беруі

II бекет: Сөз сыры

Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Бағалау критерийлері

  • Сөз тіркесінің/мақал-мәтелдің мағынасын ашуы
  • Мысал келтіріп, дәлелдей алуы
  • Сөз саптауы, әдеби тіл нормаларын сақтауы

III бекет: Суреттеу

Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Бағалау критерийлері

  • Суретке сәйкес әңгімеге тақырып қоя білуі
  • Негізгі ойды анық жеткізуі
  • Оқиға мен кейіпкерлер әрекетін өмірмен байланыстыра алуы

IV бекет: Бейнені тап

Жасырын суретті бір оқушы қимыл-қозғалыспен көрсетеді, екінші оқушы табады.

Бағалау критерийлері

  • Нақты жауап бере білуі
  • Ой жүйесінің бірізділігі

V бекет: «Сөз ойла, тез ойла»

жылдамдық

Берілген сөздің бас әріптерінен жаңа сөздер ойлап табу.

Бағалау критерийлері

  • Уақытты тиімді пайдалануы
  • Мағыналы сөздер құрауы

I бекет: Блиц сұрақтар (№1)

1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беріңіз. Мақсат — жылдамдық пен дәлдік.

  1. 1) Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
  2. 2) Хеопс пирамидасының биіктігі қанша метр?
  3. 3) Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұстаз кім?
  4. 4) Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі қалай аталады?
  5. 5) Зергер 5 күнде 25 сырға жасаса, 7 күнде неше сырға жасайды?
  6. 6) Адам денесінің тірегі не?
  7. 7) Құрманғазының шәкірті кім?
  8. 8) Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қай кезде қойылады?
  9. 9) «Төбе шашым тік тұрды» тіркесі қандай мағынаны білдіреді?
  10. 10) Тік төртбұрыштың бір бұрышын кессе, неше бұрышы қалады?

Ескерту

Жауап беру барысында қысқа, нақты сөйлеуге және уақытты тиімді пайдалануға мән беріңіз.