Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы өнер мектебі МҚККҚұрастырушы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы Өнер мектебі МҚКК
Құрастырушы: Түзелбаева Арай
«Көркем сурет» пәні бойынша авторлық бағдарлама (I–IV оқу жылдары)
Алғы сөз
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер мектептерінде көркем-эстетикалық бағыттағы «Сурет» пәні бойынша бұл авторлық қосымша білім беру бағдарламасы білім мазмұнын жүйелей отырып, оқушылардың білімді игеру қажеттілігін және сурет салу шеберлігін қатар дамытуды көздейді. Бағдарлама оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындап, 4 жылдық оқу мерзімін қамтиды.
Бағдарлама балалардың жас ерекшеліктері мен оқу деңгейлерін ескере отырып, көркемдік білімге қол жеткізуімен қатар, оқу жетістіктерін арттыруға және өздігінен шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік беруге бағытталған.
Оқыту жоспарында дайындық сыныптары мен негізгі оқу сыныптарына арналған мазмұн қарастырылып, баланың ойлау, есту, көру және есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге жағдай жасалады.
Мақсаты
Бейнелеу өнерін жан-жақты үйрете отырып, оқушының шығармашылық қабілетін ояту.
Міндеттері
Білімділік
Академиялық сурет пен кескіндеме пәндерін оқыту барысында баланы шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып, бейнелеу өнерінің салаларын және олардың әдіс-тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік
Бейнелеу өнерімен шұғылдану кезінде шыдамдылық пен ұқыптылықтың маңызын түсіндіріп, оны тәжірибеде іске асыру арқылы эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сурет пәнін оқу барысында бейнелеудің заңдылықтарын меңгерту арқылы оқушының шығармашылығын арттыру, зерттеу және ізденіс дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның өзектілігі және педагогикалық мақсатқа сәйкестігі
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру
- Сурет сабақтарында бала өз қабілетін оятып, жан-жақты, жеке шығармашыл тұлға ретінде қалыптаса алады.
- Оқытушы бейнелеу өнеріне тән заңдылықтарды үйрету арқылы ұлттық нақышты жұмыста қолдануды дамытуға бағыттайды.
- Оқушы шеберлікке, төзімділікке және ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.
Негізгі дағдылар мен бағдар
Сурет салу үдерісінде оқушылар бейнелеудің негізгі заңдылықтарын меңгереді: қағаз бетіне дұрыс орналастыру, штрихтау, жарық пен көлеңкені ажырату, бір түсте жазу.
Бейнелеу мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, оқушының дамуына ықпал етеді. Әртүрлі елдердің өнері мен суретшілерімен танысу арқылы оқушылардың көзқарасы кеңейіп, дүниетанымы ұлттық және этномәдени құндылықтарға бағытталады.
Практикаға басымдық
Барлық пәндер сияқты, «Сурет» сабағында да практикалық бөлімге көбірек сағат бөлінеді. Әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған алғашқы қадамдар оқушының шығармашылығын дамытып, қабілетін ашудан басталады.
Шығармашылық ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру — оның бойынан шығармашылық қасиет пен қабілетті іздеп табуға үйрету, өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Бұл — бүгінгі білім беру ісінің өзекті өзегі.
Бағдарламаға енгізілген зерттеу тақырыптары білім мазмұнының міндетті минимумын білдіреді, яғни оқушылар меңгеруге тиіс негізгі талаптарды қамтиды.
Оқу бағдарламасының мазмұны
Жылдық тақырыптық жоспар
Пән
Сурет
Оқу жылы
I оқу жылы
Аптасына
3 сағат
Жылына
102 сағат
Оқу аптасы
34 апта
Толық нұсқасын жүктеу
Жүктеу