Көбейтуге кері амал
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
185 × 4, 740 ÷ 4 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу (3-сынып)
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес, саяхат сабақ
Көрнекілігі
Суреттер, қима қағаздар, кестелер, оқулық, интерактивті тақта
Технологиялар мен әдістер
Ақпараттық-коммуникативтік технология, дамыта оқыту; түсіндіру, талдау, жинақтау
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдерін меңгерту, жазбаша есептеуге арналған тапсырмалар арқылы дағдыларын бекіту.
Білімділік
- Көбейту мен бөлудің өзара кері амал екенін тиянақтау.
- Өзара кері есептерді шығаруды жалғастыру.
- Математикалық өрнектерді дұрыс оқуды үйрету.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Ауызша және жазбаша есептеу дағдылары арқылы ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту.
- Логикалық ойлауын, ой-өрісін кеңейту.
- Адамгершілікке, адал достыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың идеясы: «Балапан» телеарнасына саяхат
Сабақ барысында оқушылар «Балапан» телеарнасының бағдарламалары ізімен кезең-кезеңімен «белестерден» өтеді. Әр белес — ойлау, есептеу, дәлелдеу және жылдамдықты талап ететін шағын тапсырмалар жиынтығы.
Психологиялық дайындық және мотивация
Бүгін біз математикадан алған білімімізді ортаға салып, «Балапан» телеарнасына саяхат жасаймыз. Жаңа технологияларды игеріп, білім мен білігі ұштасқан интеллектуалдық ұлт болуға бағыт алған елміз.
«Балапан» телеарнасының мақсаты — келешек ұрпақтың рухани дүниесін байытып, білім мен ғылымға ұмтылған, дені сау, еңбексүйгіш, іскер, игі қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге ықпал ету.
Тренинг: «Тілек гүлдері»
Бүгінгі сабақта бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз. Біз — Қазақстанның болашағымыз. Елімізді көркейтуге үлес қосатын азамат болу үшін білімімізді биіктетеміз. Әр белеске көтерілген сайын тапсырма орындап отырамыз.
Ұран
Біз ақылды баламыз,
Есеп-жұмбақ ойынның
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің,
Саяхатқа шығамыз.
Бүгінгі бағдарлама (10 белес)
Сабақтың барысы
1-белес: «Кел, ойнайық!»
Мақсаты — ойын арқылы ойлау әрекетін күшейту, ауызша сұрақтар арқылы оқушы танымын кеңейту.
«Зерделі сұрақ, дәлелді жауап — білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.» Абай
«Балапанға көмек» ойыны: сұрақтар
- Көбейтудің компоненттерін ата.
- Есе арттыру қандай амал?
- Көбейтуге кері амал қайсы?
- 9 × 9 мәнін тап.
- 100 см неше метр?
- Бөлудің компоненттерін ата.
2-белес: «Ғажайыпстанға саяхат»
Жаңа сабақты түсіндіру. Саяхатымызды бастау үшін жазбаша көбейту мен бөлудің тәсілдерін мұқият қарастырамыз: тақтадағы үлгілер бойынша қадамдарын талдап, орындау ретін бекітеміз.
Есеп 1
Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қолдану.
3-белес: «Жүзден жүйрік»
«Есептеуге жүйрік болсаң — жасыңнан». Тапсырмалар түсіндіре отырып орындалады.
Есеп 2 (көбейту)
- 152 × 5________
- 320 × 3________
- 176 × 4________
- 124 × 5________
Есеп 2 (бөлу)
- 704 ÷ 4________
- 920 ÷ 5________
- 605 ÷ 5________
- 604 ÷ 4________
- 840 ÷ 2________
- 560 ÷ 5________
- 408 ÷ 3________
- 204 ÷ 2________
4-белес: «Санамақ»
«Тапқыр болсаң, талас жоқ». Қысқа сұрақтар мен жылдам есептеулер арқылы серпін береміз.
5-белес: «Алақай, балақай»
Сергіту сәті (балапандардың би қимылдары). Мақсаты — оқушыны салауатты өмір салтына бейімдеу: спорт баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлылыққа тәрбиелейді.
6-белес: «Жолың болсын, балақай»
Амалдардың орындалу тәртібін сақтап есептеу.
Есеп 4
- 1000 − 225 ÷ 5 − 36 × 4________
- 900 − 147 × 3 + 199________
- 579 + 129 × 3 − 287________
- 1000 − (200 + 169) × 2________
7-белес: «Уми-зуми командасы»
Бағдарлама элементтері арқылы балалар фигуралар құрастырады және олардың ауданын есептейді. Бұл танымдық қызығушылықты арттырып, практикалық дағдыны нығайтады.
Есеп 5
Фигура құрастыру және ауданын табу.
8-белес: «Бауырсақ»
Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіру (ауызша).
Есеп 6
- 6 сағ 10 мин = … мин________
- 3 сағ 30 мин = … мин________
- 3 мин 401 с = … с________
- 3 мин 45 с = … с________
- 125 мин = … сағ … мин________
- 360 с = … мин________
- 2 тәул. 3 сағ = … сағ________
- 3 мин = … с________
9-белес: «Айжұлдыз»
Теңдеулерді шешу арқылы ойлау дәлдігін қалыптастыру.
Есеп 7
- x − 96 = 125 × 4________
- y × 90 = 1000 − 730________
- y × 2 = 450 + 372________
- x ÷ 7 = 810 ÷ 9________
Бекіту: шығармашылық жұмыс
Ана тілі және қазақ тілімен байланысты жұмыс: шифрограмма құрастыру.
Шифрограмма (1-блок)
2 × 5→О
18 ÷ 2→Т
30 × 2→А
45 ÷ 0→Н
Ескерту: 0-ге бөлу орындалмайды. Бұл тапсырмада оқушылар қате қадамды байқап, неге болмайтынын түсіндіреді.
Шифрограмма (2-блок)
48 ÷ 8→А
10 × 0→Н
240 ÷ 4→А
Қорытындылау және бағалау
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалай жазбаша көбейтеміз?
- Саяхат сабағы ұнады ма?
- Қай белес сендерге ерекше ұнады?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма: Есеп 8 — сызба бойынша өрнек құрастыру.
Бағалау: Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру.
10-белес: «Ән салайық»
Сабақ соңында көңіл-күйді көтеріп, бірлік атмосферасын күшейту үшін ән айтылады.
Хор: «Бала тілегі»
«Туған да дүние есігін ашады өлең…»