Ата - аналар

Кіріспе

Бүгінгі ата-аналармен бірлескен сабағымыз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына арналады. «20 жылдыққа — 20 іс-шара» деген игі бастамаға өз үлесімізді қосып, сайыс сабақ өткіземіз.

Сабақтың өзегі — достық. Өйткені достық бар жерде бірлік, татулық болады. Достықтың арқасында біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.

Топтар

Сынып оқушылары мен ата-аналардан үш топ құрылады. Әр топқа атау беріледі:

1-топ
«Жігер»
2-топ
«Бірлік»
3-топ
«Парасат»

Барлық тапсырмалар тақырыппен тікелей байланысты. Әр кезең барысында ереже түсіндіріліп отырады.

1

Шаттық шеңбері

Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, ата-аналар ішкі шеңберде орналасады. Бір-біріне жылы сөз айтып, ортақ көңіл күй қалыптастырады.

Оқушылар

Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату-тәтті жүреміз.

Ата-аналар

Достық — өмір тірегі,
Достық — әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.

2

Әңгімелесу: «Достық»

Қатысушылар достық туралы ой бөліседі. Әңгіме мазмұны еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырылып, бірлік пен татулықтың құндылығы айқындалады.

3

Дәйек сөз

Әр топ тақырыпқа сай дәйек сөздер ұсынады. Соның ішінен біреуі таңдалып, мағынасы талқыланады.

Мысал:

«Достық қымбат өмірде.»

4

Шығармашылық жұмыс: «Балғын бояу»

Әр топ «Достық қымбат өмірде» тақырыбына сурет салады және өз жұмысының идеясын қорғап шығады.

5

«Өзіммен өзім» (тыныштық сәті)

Үнтаспадан баяу әуен қойылады. Қатысушылар мұғалімнің сөзін тыңдап, көз алдына елестету арқылы ішкі сезімге назар аударады.

Ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді Достық пен бірліктің елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтейтін, кішілерге қамқор болатын, Отанын сүйетін, жүрегі мейірім мен сүйіспеншілікке толы, дені сау, батыл адамдар өмір сүреді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар — ата-анамыз, ал ең сүйкімдісі — балаларымыз. Олар бір-біріне көмектесуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Осындай елде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.

Енді көзімізді ашайық. Тақтадағы картаға қараймыз: бұл — біздің Қазақстан.

6

Жаттығу: ойлану

Берілген сөздерді пайдаланып, достық пен бірлік туралы өлең құрастыру.

Менің елім ______ ______ ______ жарасқан.
Ту ғып ұстап ______ ______ ______ алыстан.

7

Мақал-мәтел жарысы

«Мақал айтсаң — жол көрсеттің, мәтел айтсаң — жанымды жайландырдың» дегендей, топтар мақал-мәтел айтып сайысады. Әр топқа бір тақырыптан беріледі:

  • Достық, татулық
  • Отан, туған жер
  • Еңбек, еңбексүйгіштік
8

Ойын-жаттығу

«Мен достықты сүйемін, себебі мен …» ойыны арқылы балалар мен ата-аналар өз ойларын жүйелеп, қорытынды жасауға үйренеді.

9

Қорытындылау

Әр топтың жинаған жүрекшелері саналып, жеңімпаз анықталады. Қатысушылар марапатталады.

10

«Жүректен жүрекке»

Әр топтағы балалар ата-аналарына үлкен жүректі ұсынып, ізгі тілектерін айтады. Ата-аналар сол жүректерді тақтадағы күннің шапағына жапсырады. Соңында «Достық» әні хормен орындалады.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өткен «Біз достықты сүйеміз» сайыс сабағынан кейін ата-аналардың пікірлері тыңдалады.

Ой түйін

Достық — тек жылы сөз емес, күнделікті әрекет: тыңдай білу, көмектесу, сыйлау, бірлікті сақтау. Отбасыдағы ынтымақ мектепте күшейсе, ол қоғамға тарайды — ал қоғамдағы татулық тәуелсіздіктің тұғырын бекітеді.