Сабақтың міндеті

Сабақ тақырыбы

Үш сом

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Сурет бойынша әңгімелеу
  • Проблемалық жағдаятты шешу

Көрнекіліктер

Аңыз туралы анықтама, оқулықтың 61-бетіндегі суреттер.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың аңыз туралы және Қожанасыр туралы алған білімдерін тереңдету, мәтінді мәнерлеп әрі түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  1. 1 Қазақ ауыз әдебиетіндегі тағы бір аңыз кейіпкері — Алдар Көсемен таныстыру.
  2. 2 Аңыз мазмұнын әңгімелете отырып, оқушыларды өз ойын қосуға және пікір айтуға дағдыландыру.
  3. 3 Өмірде кездесетін жағымсыз әдеттерден аулақ болу, өтірік айтпау, адамдарды алдамау сияқты құндылықтарды бойға сіңіру.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн болсын.
Жұма күннің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!

Үй тапсырмасын тексеру

  • «Қожанасыр мен Алдар Көсе» әңгімесі бойынша түсінгенін сұрау.
  • Алдыңғы сабақта оқыған мәтінді еске түсіру және мәтін түрін анықтау.

Талқылау сұрақтары

  • Осының алдында қандай мәтін оқыдық?
  • Екі әңгімені қандай жанрға жатқызуға болады?
  • Аңыз дегеніміз не?
  • Оқып жатқан бөлім қалай аталады?
  • Өмірде болған адамға байланысты құрылған әңгіме қалай аталады?

Негізгі ұғымдар

Атадан қалған асыл мұра
Ертегі, аңыз, төрт түлік туралы жыр.

Кіріспе бөлім

Бүгін біз тағы бір аңыз әңгімемен танысамыз. Әңгіме атауын сөзжұмбақ арқылы анықтаймыз.

Сөзжұмбаққа бағыт сөздер

түлкі ашқарақ сақина қой Қылмойын

Үш саны туралы

  • Үш жұрт: нағашы жұрт, өз жұрты, қайын жұрт.
  • Үш арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ.

«Сом» сөзінің мағынасы

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін ақша бірлігі «сом» деп аталған. Қазіргі кезде Қырғызстанның ұлттық валютасы — сом.

Сергіту сәті

Ағаштар да тербеліп,
Жерге түсті жапырақ.
Ал, қанеки, жинайық,
Себеттерге молырақ.

Жаңа сабақ

  • Мұғалімнің оқуы.
  • Оқушылардың оқуы.

Мәтінмен жұмыс

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы шығармашылық тапсырмалар орындалады.

Дәптермен жұмыс

Сенің ойыңша, Алдар Көсенің қылығы дұрыс па? Дұрыс болса — несімен дұрыс? Қате болса — несімен қате?

Өз ойыңды 1–2 сөйлеммен жаз.

Қорытынды

Сахналық көрініс

Сабақ мазмұны шағын сахналық көрініспен қорытындыланады.

Салыстыру жұмысы

«Үш сом» мәтінін өткен сабақтағы мәтінмен салыстыру: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушылардың ойымен анықтап, тақтаға жазу.

Кейіпкерлерді мінездеу

  • Қожанасыр: алдайды, күлкілі.
  • Алдар Көсе: алдайды, кедейге көмектеседі.
  • Екеуі де: тапқыр.

Негізгі ой

Адамды алдамау, өтірік айтпау, жақсы мінез қалыптастыру — сабақтың басты тәрбиелік өзегі.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мазмұндап келуге дайындалу.
  • Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы қосымша мәлімет жинау.

Бағалау

Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай білімдері бағаланады.