Мұғалімнің мәтінді оқуы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы

№100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі — Саулебаева Ләззат Шәкиқызы

Сабақтың тақырыбы

Ә. Қоңыратбаев — «Киіктің айласы»

Сабақтың сипаттамасы

  • Типі: жаңа материалды меңгерту
  • Түрі: дамытпалы сабақ
  • Формасы: топтық жұмыс
  • Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқуға дағдыландыру.
  • Жүйелі баяндауға, өз ойын және пікірін ашық жеткізуге үйрету.
  • Киік туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортаға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл байлығын арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу.

II. Қызығушылықты ояту

Көрнекілік

Интерактивті тақтадан киіктің суреті көрсетіледі.

Сұрақ-жауап

Мұғалім: «Балалар, суреттегі қандай аң?»

Оқушылар: «Киік»

Осыдан кейін сабақ тақырыбы таныстырылады: жерлесіміз Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін оқу.

III. «Дөңгелек үстел» әдісі және топтық тапсырмалар

1-топ: «Киік туралы не білеміз?»

Әр оқушы киік туралы бір сөйлем жазады да, парақты оң жағындағы оқушыға береді. Қайталамауға тиіс.

Мысал: «Киік — жүйрік аң».

2-топ: Тірек сөздермен жұмыс

Тірек сөздер: қасқыр, киік, айла. Осы сөздерді қатыстыра отырып, шағын әңгіме құрастыру.

3-топ: Венн диаграммасы

Киік пен қасқырдың айырмашылығы мен ұқсастығын екі шеңбер арқылы көрсету: әрқайсысына тән қасиеттер — өз бөлігіне, ортақ қасиеттер — қиылысқан бөлікке жазылады.

IV. Мағынаны тану: «Жигсо–1» әдісі

  1. 1-қадам. Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінеді. Әр топтағы оқушылар 1, 2, 3 болып саналып, «эксперт топтарға» ауысады (1-лер — бір топ, 2-лер — бір топ, 3-тер — бір топ).
  2. 2-қадам. Эксперт топтағы оқушылар өз бөлігін жеке оқып, кейін бір-біріне түсіндіреді және мазмұнын талдайды.
  3. 3-қадам. Оқушылар негізгі топтарына қайта оралады. Әрқайсысы өз оқыған бөлігін ретімен баяндап, топтастарына түсіндіреді. Нәтижесінде мәтін толық қамтылады.

V. «Аквариум» әдісі

Әр топ өз ұсынысы бойынша оқушыларды тақтаға шығарады: мысалы, 1-бөлімді — бір топ, 2-бөлімді — келесі топ баяндайды. Осылайша мәтін мазмұнымен бүкіл сынып танысады.

Мұғалімнің әрекеті

Мәтінді мәнерлеп оқиды, кейін сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

VI. Толғаныс: «Бес жолды өлең»

Оқушыларға төмендегі құрылым бойынша бес жолды өлең құрастыру тапсырылады:

  1. 1. Тақырыпты сипаттайтын бір сөз (зат есім).
  2. 2. Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім.
  3. 3. Іс-әрекетті білдіретін үш сөз.
  4. 4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
  5. 5. Қорытынды сөз (синоним).

VII. Бағалау және мадақтау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, ой қорытуы және мәтінді түсініп баяндауы бағаланады. Белсенді оқушылар мадақталады.

VIII. Үй тапсырмасы

Еркін жазу (эссе)

«Киіктің айласы» әңгімесін оқығаннан кейін киік туралы қалыптасқан пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.