Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Күлетов атындағы 92 орта мектебініңматематика пәнінің мұғаліміМаханова Меңтай ЖалғасбайқызыСабақтың тақырыбы
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы
Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі: Маханова Меңтай Жалғасбайқызы
Пән • Сынып
Алгебра • 10-сынып
Сабақ тақырыбы
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді еске түсіру
Жалпы мақсат
- Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы білімді қайта жаңғырту.
- Дербес шешімдерді, анықталу облысын және мәндер облысын білудің маңызын түсіну.
- Есептеулерде тригонометриялық бірлік шеңберді қолдану.
Күтілетін нәтиже
- Дербес шешімдерді, анықталу облысын және мәндер облысын білудің маңыздылығын түсінеді.
- Есептеулер жүргізуде тригонометриялық бірлік шеңберді қолдана алады.
Негізгі идеялар
- Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру.
- Дербес шешімдер мен формулаларды есте сақтауға дағдылану.
Сабақ құрылымы мен тапсырмалар
Қолданылатын жұмыс түрлері
- Ой қозғау (сұрақ–жауап)
- Топтық жұмыс: тұжырымдамалық карта (карта құрастыру)
- Жұптық жұмыс: «Пилот–штурман»
- Оқулықпен жұмыс
- Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)
- Рефлексия
Табыс критерийлері
1) Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы білетін боламын.
2) Дербес шешімдерді, анықталу облысын және мәндер облысын білудің маңызын түсінемін.
3) Есептеулерде тригонометриялық бірлік шеңберді қолдана аламын.
Мұғалімнің жазбалары: сабақ барысы
I кезең • 2 минут
Ұйымдастыру
- 1 Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру (түстер үйлесімділігі арқылы).
- 2 Оқушыларды саналу ретімен 3 топқа біріктіру (тұлғааралық қатынасты дамыту).
Талқылауға кіріспе сұрақ
Тригонометрия ұғымы алғаш қалай пайда болды? Тригонометрия тарихы туралы қандай мәліметтер білесіңдер?
1-қадам • 3 минут
Ой қозғау (алдыңғы сабақты қысқаша қайталау)
- Функция дегеніміз не?
- Анықталу облысы мен мәндер облысын қалай түсінесіңдер?
- Функцияның графигі арқылы оның қасиеттерін қалай анықтауға болады?
- Периодтылық, жұптық және тақтық деген не?
2-қадам • 1 минут
Сабақ тақырыбына жетелейтін сұрақтар
- 1 Тригонометриялық функцияларға мысал келтіріңдер.
- 2 Кері тригонометриялық функциялардың қандай қасиеттері бар?
- 3 Неліктен косинус функциясы жұп функция болып табылады?
Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады. Осыдан кейін тригонометрия бойынша білімімізді кеңейтіп, есептер арқылы бекітеміз.
3-қадам • 20 минут
Топтық жұмыс (ақпаратты талқылау)
Жұмыс тәртібі
- Топтарға мәтін таратылады: оқиды, талқылайды, негізгі ойды жинақтайды.
- Әр топ 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.
Топтарға бөлінетін тапсырмалар
1-топ: анықтамалар мен ережелерді қорытындылау.
2-топ: тригонометриялық теңдеулерді шешу формулаларын қорытып шығару.
3-топ: тригонометриялық бірлік шеңберді қолданып есептер шығару.
Әр топтың бақылаушысы жұмыс соңында бағалау парағын таныстырады (2 минут).
Бақылаушының бағалау парағы: толық нұсқасын жүктеу.