Қазақстанды индустрияландыруға байланысты көзқарастар

Батыс Қазақстан облысы • Казталов ауданы

Ғ. Молдашев атындағы ОЖББ мектебінің тарих және география пәндерінің мұғалімі Стамғазиев Нұрбек Әлібекұлы

Сабақтың тақырыбы

«Қасіретті жылдар»

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі сабақ.

Пән аралық байланыс

Әдебиет.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» деген ойға сүйене отырып, оқушыларға туған ел тарихын, соның ішінде қайғылы кезеңдерді, олардың себеп-салдары мен зардаптарын түсіндіру.

Тәрбиелік

«Туған жерді сүю — парыз, сүю үшін тарихын білу — парыз» қағидасына сай оқушыларды өз Отанын құрметтеуге, ел тарихына сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын күшейтіп, қызығушылығын арттыру; ойлау, ізденімпаздық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі мен әдістері

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық
  • Оқушының өзіндік жұмыс парағы
  • Карта

Сабақтың әдістері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Тест

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Индустрияландыру дегеніміз не?

2) Қазақстанды индустрияландыру қай жылы жарияланды?

3) Қазақстанды индустрияландыруға қатысты көзқарастар

  • Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін күшейтіп, елді шикізат көзі ретінде дамытуды қолдады.
  • Индустрияландыруды жоғарыдан берілген талаппен ғана жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өндіріс орындарын салу арқылы жүзеге асыруды жақтады.
  • Қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды: бұл қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ерекшелігін бұзады деп есептеді.
  • Шовинистік көзқарасты ұстанды: «қазақ бәрібір жұмыс істемейді, қайтсе де далаға қашады; өндірісті қазақтандыру пайда бермейді» деген пікірлерді алға тартты.

Назар аударатын түйін

Сабақ құрылымы оқушылардың тарихи жадын қалыптастыруға бағытталған: күрделі кезеңдердің себеп-салдарын талдау арқылы отаншылдық құндылықтарды нығайтып, сыни ойлау мен ізденіс мәдениетін дамыту көзделеді.