Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей

Абай Құнанбаев

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық - қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары - ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес - алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім - кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?



Ұқсас жұмыстар

Абайдың шығармашылығы
Абай Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Тәрбиелеу және өзін өзі тәрбиелеу
Қазақ тіліндегі көсемшелер
Қабылдаудың тұтастығы
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін сабақтан тыс қолдану
Абай шығармашылығының рухани болмысы туралы
Қамар сұлу
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Сөздік
Бұрындық хан
ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ
СӨЗДІКТЕР
Персонал бойынша менеджердің негізгі кәсіби ролі
Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы - 1881, сонда) - би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан
Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту
Қазақ хандығының соңғы ханы
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай - ақ әскери - теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери - теңіз флоты күштерінің түрі