Сөз таптарына талдау жасауды үйрету
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Бұл сабақ сан есім туралы білімді еске түсіріп, кеңейтуге бағытталған. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сонымен қатар топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптастырылады.
Мақсаты
- Ауызша және жазбаша тілді дамыту.
- Сөздік қорды молайту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру.
- Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
- Топпен жұмыс істеуге үйрету.
Міндеттері
Білімділік
Сан есім туралы білімді еске түсіру және кеңейту. Сөз таптарына талдау жасауды үйрету.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі, әдістері, көрнекілігі
Түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Тапсырма беру
- Топтау
- Сызбамен жұмыс
- Венн диаграммасы
Көрнекілігі
Карточкалар, семантикалық карта, презентация.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Түзу отыр партада,
Қыры батпас арқаңа. (3 рет)
II. Үй тапсырмасын тексеру
5-жаттығу, 66-бет.
III. Өткен сабақты пысықтау
Тақтаға бірнеше сөз жазылған қағаздар ілінеді. Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді орнына қойыңдар.
- Жұт – неше? __________ ағайынды.
- неше? __________ рет өлше, неше? __________ рет кес.
- неше? __________ теңгең болғанша, неше? __________ досың болсын.
Енді танысқан сөз таптарын еске түсірейік: зат есім, сын есім, сан есім, етістік.
Тақтада әр сөз табының сұрақтары мен мысалдарын өз орнына сәйкестендіріп ілеміз.
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын жұмбақ шешейік. Жұмбақтардың шешуі — әріптер.
Тап сақина секілді,
Оң бүйірі кетілді.
Жауабы: С
Қос аяққа ұқсаған,
Тізесінен тұсаған.
Жауабы: А
Қатар тұрған қос қазық,
Қол ұстасқан, достасып.
Жауабы: Н
Жұмбақтардың жауабын біріктірсек, бүгінгі тақырып шығады:
Бүгінгі тақырып
Сан есім
Проблемалық сұрақ: сан есімді қайда, қашан кездестіреміз және қалай қолданамыз?
Сандарды тек математика сабағында ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданамыз: дүкенде, көлікте, телефон нөмірін айтқанда, мекенжайды көрсеткенде және т.б.
Жаттығулар арқылы сан есімді еске түсіріп, сан есімге дұрыс сұрақ қоюды үйренеміз.
Тарихи ақпарат (презентация)
- Сандардың шығу тарихы өте қызықты. Қазіргі қолданып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамзатқа көп уақыт қажет болды.
- Біз пайдаланатын қазіргі цифрларды кейде араб цифрлары деп атаймыз, өйткені олар Еуропаға араб елдері арқылы тараған.
- Сонымен қатар рим цифрлары да бар. Онымен сендер жоғары сыныптарда танысасыңдар.
- Ең алғашқы сан белгілері көне жетондарға ұқсас шеңберлер мен конустар болған. Кейін адамдар таяқшаларды ұштап, конус тәрізді белгілер арқылы санды бейнелей бастаған.
Сұрақ: Қазақта қасиетті сан деп қай сандар аталады?
Жауап үлгісі: 3, 7, 9, 13, 40.
Оқулықпен жұмыс
Сұрақ: неше?, қанша?, нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөз табы қайсы?
Жауап: сан есім.
Тапсырма: Сан есімнің анықтамасын айтып беріңдер.
1-жаттығу
Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді тауып, оларды сөзбен жаз.
Сөйлем 1
Әселдің телефон нөмірі: 225–15–22
Сөзбен: екі жүз жиырма бес – он бес – жиырма екі.
Сөйлем 2
Сәнімнің телефон нөмірі: 271–23–68
Сөзбен: екі жүз жетпіс бір – жиырма үш – алпыс сегіз.
2-жаттығу
Үлгі бойынша карточкаға орындау.
Карточка 1
Сан есімдерді тауып, сұрағын қой.
Карточка 2
Санды сөзбен жаз және сөйлем құра.
Карточка 3
Сан есімді сөз табына талда.