Әділқазы алқасын таныстыру
Ақтөбе қаласы, №33 «Нұрсәт» МДБО тәрбиешісі: Ердаулетова А. Е.
Кіріспе
1-бала: Қастерлейміз халық боп, салт-дәстүрді дәріптеп, айтып кеткен бабалар: «Дәстүріңді таныт» деп.
2-бала: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Бос қарап тұрмаңыздар. Әже мен немере тойы басталмақшы — қызықтан тыс қалмаңыздар!
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Бүгінгі сайысымыз — бүгінгі мерекеміз. Мұны қалайша бекер дейміз? Ұстаздар, құтты болсын ару тойы! Әжелер, аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! «Шуағы мол нұр әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңызын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім-тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырамыз.
Сайыс құрылымы
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
-
1
Таныстыру
Қатысушылар өздерін таныстырады.
-
2
«Білгенге маржан»
Әжелерге — ситуациялық сұрақтар, немерелерге — көктем тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады.
-
3
«Өнер — ағып жатқан бұлақ»
Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.
-
4
«Шебердің қолы ортақ»
Әжелер ою ояды, немерелер жабыстырады. Бүлдіршіндеріміздің шеберлігін тамашалаймыз.
-
5
«Көктем сәні»
Немерелер сән үлгісін көрсетеді.
Бағалау және өнер көрсетілімдері
Әділқазы алқасын таныстыру
Сайыс кезеңдері арасында әділқазы бағалау жүргізеді.
Тақпақтар
- 5 бала ана туралы тақпақ айтады.
- Ағылшын тілінде тақпақтар орындалады.
Би және ән
- Би: «Домбыра»
- Би: «Қуыршақ»
- Ән: «Мамаға тілек»
- Ән: «Әжеме»
Жүргізуші сөзі (арақатынас мәтіні)
«Асыл сөздің атасы — ақыл» дейтін халқымыз: өнер, білім, еңбекке жақын ұрпақ болайық. Ендеше сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік.
«Өнер — өнерліге ғана оңай» дегендей, әжелеріміз бен немерелеріміздің өнерін тамашалайық.
«Көктем сәні» кезеңіне арнау
Менің әжем айтушы еді: жібек мінез жандарды әрдайым ардақтап, сұқ көзден тасалай көр, Алла өзі сақтасын деп тілейтін.
Ендігі шарт аруларға: «Адам көркі — шүберек». Қыздарымыз «Көктем сәні» үлгісін көрсетеді.
Алғыс және сыйлық сәті
Әділқазылар алқасы бағасын бергенше, бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық. Балалар дайындаған ашық хаттарын әжелеріне және аналарына сыйлайды.
Қорытынды
Сайыс қорытындыланып, әділқазы бағалары жарияланады. «Шуағы мол нұр әжем» мерекелік сайысы ұрпақ сабақтастығын, ұлттық тәрбиені және отбасы құндылықтарын дәріптейтін тағылымды кеш ретінде тәмамдалады.