Топтық тапсырмалар

Қасым Аманжолов: өмірі мен шығармашылығы. «Өзім туралы» өлеңі

Бұл сабақта Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашуға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылады. Сабақ құрылымы сын тұрғысынан ойлау стратегияларымен ұштасып, оқушының жеке пікірін айтуына, талдау жасауына және шығармашылық қабілетін дамытуына мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Қ. Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; ақын тілінің ерекшелігін таныту; өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
  • Дамытушылық: СТО стратегияларын қолдана отырып, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ойын еркін айтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: ақын өлеңі арқылы туған жер мен елді қастерлеуге, шыдамдылық пен қайраттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың тегі
Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, талдау, өз пікірін қорғау, «Екі жақты күнделік», «Борт журналы», «Кубизм» әдісі.
Көрнекілігі
Қ. Аманжолов өмірі туралы бейнетаспа, ақынның фотосуреті.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

«Адам», «Өмір», «Ұстаным» сөздері жазылған кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қысқаша пікір алмасады.

2) Үй тапсырмасын тексеру (Кубизм әдісі)

Оқушылар кубиктің түскен қырына сәйкес сұраққа жауап береді:

  • Иса Байзақов кім?
  • Иса Байзақовтың туған жері қай өңір?
  • «Құралай сұлу» поэмасының авторы кім?
  • Құралай сұлуды ұнатқан жігіттің есімі қандай?
  • Поэмада қандай бидің есімі кездеседі?
  • Поэма қалай аяқталады? Өзің қалай аяқталғанын қалар едің?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе

Қызығушылықты ояту кезеңінде алдын ала берілген ізденіс тапсырмалары бойынша әр топ ақын туралы жинаған деректерін ұсынады.

Мағынаны тану: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнетаспа көрсетіліп, оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

4) Шығармашылық тапсырма: негізгі ойларды топтастыру

«Өзім туралы» өлеңіндегі жетекші ойлар мына бағыттар бойынша жинақталады:

а) Өзін таныстыру
Лирикалық кейіпкердің болмысы мен мінезі.
ә) Өлең туралы толғаныс
Өнердің, сөздің қуаты.
б) Өмір мен өлең
Тағдыр мен шығармашылық байланысы.
в) Туған ел, туған жер
Елдік мұрат пен азаматтық үн.

«Керуен-сұрақ»: өлеңді жанрлық тұрғыдан анықтау

Лирика түрі
Көңіл-күй лирикасы
Тақырыбы
Лирикалық кейіпкердің өзі туралы толғанысы
Идеясы
Ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім артуы, өз тағдырын өлең құдіретімен жеткізуі

Тақтамен жұмыс: лирикалық кейіпкерге мінездеме беріледі, негізгі қасиеттері дәлелмен көрсетіледі.

Топтық тапсырмалар

I топ: поэтикалық талдау

Ақынның тіліне, буын және ұйқас түрлеріне талдау жасайды. Көркемдегіш құралдар:

  • Теңеу: торқадай, өртке тиген дауылдай
  • Метафора: сезім — жыр, лебізім — күй
  • Эпитет: алтын сарай, ақ көңіл, қап-қара түнек

II топ: «Бес жолды өлең»

  1. 1. Қасым
  2. 2. Кеңпейіл, дауылпаз
  3. 3. Жазады, армандайды
  4. 4. Елінің дауылпаз ақыны — Қасым
  5. 5. Ақын

«Екі жақты күнделік»: өлең үзіндісі және оқушы көзқарасы

Оқушылар алдымен жұппен, кейін топпен талқылап, ортақ кестені сынып алдында оқиды.

Өлеңнен үзінді

Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен құмарлана.

Менің көзқарасым

Ақынның арманы шексіз, бірақ сол арманды жүзеге асыруға уақыт жетпейтінін сезінуі байқалады. Өмірдің қысқалығы мен мақсаттың ауқымы арасындағы қайшылық лирикалық толғанысты күшейтеді.

Өлеңнен үзінді

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң — дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң — сырласыңмын.

Менің көзқарасым

Ақын өз басының қамынан гөрі ел мүддесін жоғары қоятынын анық білдіреді. Сондай-ақ адалдық пен достықтың шынайы бағасын қадірлеуге үндейтін азаматтық ұстаным көрінеді.

Қорытынды (Борт журналы әдісі)

Қасым Аманжолов — өзі айтқандай, елінің ерке ақыны. Ғасырлар өтсе де, оның поэзиясы мінезімен, шындығымен, өр үнімен жаңғырып қала береді. Аз ғана ғұмыр кешсе де, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан дауылпаз ақынның мұрасын кейінгі ұрпақ мәңгі жадында сақтап, мақтан тұтады.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы: «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.

Бағалау: сабақ барысындағы жауап, талдау, топтық жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.

Музыкалық қорытынды: «Өзім туралы» әні орындалады.

Автор туралы мәлімет

Мектеп
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №52 негізгі мектеп
Пәні
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Кенжешева Аққаным Алиевна