Жетімкөлдің аққулары
Сабақтың тақырыбы
Мұқағали Мақатаев: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты
-
1) Білімділігі
Оқушылардың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша игерген материалдарын нақтылау, шығармашылық жұмысқа баулу.
-
2) Дамытушылығы
Шығармаға жан-жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлауын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
-
3) Тәрбиелігі
Поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары
- Оқулық
- Ақынның суреті
- Үлестірмелі перфокарталар
- Ақынның өлеңдер жинағы
- Үнтаспа
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, БиС технологиясының элементтері, салыстыру, ой жинақтау, пікірталас
Сабақ құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуды белгілеу.
- Сабаққа дайындықты шолып шығу.
- Оқушыларды үш топқа бөліп, топ атауларын тағайындау.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
ОММ арқылы лездік сұрақтар ұйымдастыру.
-
III. Проблемаға шығу
Поэмаға арқау болған өзекті тақырыптар: сұлулық, махаббат, зұлымдық. Тақырыпты ашу үшін зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Поэманың басты кейіпкерлері: Ана, Аққу, Бала.
-
IV. Кейіпкерлерге мінездеме беру
Жазбаша жұмыс.
Лездік сұрақтар (үй тапсырмасы)
1) Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевты кім деп танимыз?
Сыршыл, лирик, патриот ақын, сазгер.
2) Қандай поэмалары бар?
«Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек!», «Мұзбалақ», «Қош бол, қырандар».
3) Ақын сөзіне жазылған қандай әндерді білеміз?
«Үш бақытым», «Есіңе мені алғайсың», «Бақыт деген», «Сәби болғым келеді».
4) Алғашқы өлеңін неше жасында, кімге арнады?
9 жасында «Әкеме» арнаған.
5) Ақынның «үш бақыты» қандай?
Халқы, тілі, Отаны (туған халқы, ана тілі, атамекені).
6) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жазылды және неше жолдан тұрады?
1973 жылы жазылған, 1721 жолдан тұрады.
7) Ақынның анасы, әжесі және жұбайы кімдер?
Анасы — Нағима, әжесі — Тиын, жұбайы — Лашын.
8) Мұқағали Мақатаев қай пәннің мұғалімі болған?
Орыс тілі пәнінің мұғалімі.
9) Ақынның достары кімдер?
Фариза Оңғарсынова, Әбдікe Асанов, Ғабит Мүсірепов.
10) Еркін тапсырма
Өз қалауы бойынша ақын өлеңдерінен үзінді оқу.
Зерттеу жұмысы: тақырып пен кейіпкерлер
Топ: Ана
Талдау- Ана аққуды не себепті атпақ болды?
- Аққуды ату сәтіндегі ананың әрекетіне баға беріңдер.
- Құсты құлатқаннан кейін ананың өкініші қалай көрінеді?
- Бала өлімін көрген ананың қасіреті қалай бейнеленген?
- Аққуды атқан ана кінәлі ме? Неліктен?
Топ: Бала
Талдау- Ауру бала (кейіпкер бейнесі).
- Жалғыз ұлдың тағдыры.
- Тәуіп айтқан емнің мәні.
- Жолында ананы құрбан еткен тағдыр таразысы.
- Өлім аузындағы баланың күйі.
Топ: Аққу
Талдау- «Беу, дүние-ай, Жетімкөл қандай еді?!» — жолдарының әсері.
- Жетімкөлдің аққулары: орта және көңіл күй.
- Аққу — киелі құс (символдық мәні).
- Ақын және аққу: ана мен бала арасындағы махаббаттың көрінісі.
- Аққу атылғаннан кейін Жетімкөлдің сәні неге кетті?
Қорытынды тапсырма
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беріп, тұжырымды ойды жазбаша түрде рәсімдеу.