Сабаққа мақсатты айқын қою
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ
Химия пәнінің мұғалімі — Даулетова Әлия Қапиетқызы
Д.И. Менделеев: «Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды; мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ».
Сабақ сапасын арттырудағы ізденіс
Химиялық білім — өзге де іргелі ғылымдар сияқты — тіршілікте бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемін тұтас қарастыруға, ондағы заңдылықтарды түсінуге, мәдениетті ойлауға және парасатты пайым жасауға мектеп қабырғасынан бастап жетелейді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты — сабақ сапасын көтеру, сабақ түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, олардың ізденісін қолдау және танымдық деңгейін көтеру.
Сондықтан сабақтың өз мәнінде өтуі мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалім шеберлігі — сабақтың түрін дұрыс таңдап, оны өткізудің ең тиімді әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білу.