Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдануға күрделі есептер шығару
9-сынып
Сабақтың тақырыбы
Өрнектерді түрлендіру кезінде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдана отырып күрделі есептер шығару.
Сабақтың түрі
Білім мен дағдыны қорытындылау және жүйелеу сабағы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімді бекіту
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді өрнектерді түрлендіруде тиімді қолдануды меңгеру.
- Тепе-теңдіктерді дәлелдеудің негізгі тәсілдерін қолдана білу.
- Оқушылардың білім деңгейін бақылау және талдау.
2) Дамытушылық
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
- Өтілген тақырыптың мазмұнын терең түсінуге бағыттау.
- Ұжымда жұмыс істеу мәдениетін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың көрнекілігі
Тақта
Бор
Тригонометриялық тепе-теңдіктер кестесі
Слайдтар
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау
а) Үй тапсырмасын тексеру