Сабақ соңында оқушы
Бұл сабақ жоспары 4-сыныпқа арналған. Тақырып: дара және күрделі сын есім. Оқушылардың бұрынғы білімін негізге ала отырып, сын есім туралы түсінігін кеңейту, дара және күрделі түрлерін ажыратуға үйрету, сөйлемнен тауып, сұрақ қоя білу дағдыларын дамыту көзделеді.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Сілтеме
- Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
- Сабақтың жабдығы (негізгі мақсат)
- Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейту; сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру; сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға және бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Сын есімнің қызметін түсінеді және түрлерін ажыратады.
- Мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойды анықтайды.
- Өзін-өзі бағалап, қорытынды жасайды.
- Топпен және жұппен белсенді жұмыс істейді.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Презентация
Тақырыпты визуалды түсіндіру.
Видеофильм және тест
imektep.kz платформасы.
Аңдардың суреттері
Топқа бөлу және сипаттау жұмысына.
Карточкалар
Жеке, жұптық, топтық тапсырмалар.
Бағалау парағы
Әр кезең сайын ұпай қойып, сабақ соңында жиынтық баға шығару.
Сабақ барысы
Топқа бөлу
2 минут
Аңдардың сурет бөліктері бойынша топтастыру: оқушылар пазл құрастырып, шыққан аңға байланысты топ атын алады.
- Аю — «Батылдар»
- Түлкі — «Алғырлар»
- Қоян — «Жүйріктер»
Ынтымақтастық атмосферасы
2 минут
«Біздің өміріміз қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы. Ендеше өмірдің мәнін, сәнін сипаттайтын тілімізде бір сөз табы бар. Бүгін сол сөз табының тілімізді мәнді де сәнді етудегі рөлін анықтаймыз».
Бағалау тәртібі: әр кезең бойынша өз жұмысыңды бағалау парағына ұпаймен белгілейсің; сабақ соңында жиынтық ұпай арқылы баға шығарылады.
Үй тапсырмасын тексеру
3 минут
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қысқаша қайталау, дәптерлерді тексеруге дайындау.
Ширату: «Сыңарын тап» ойыны
3 минут
Оқушылар дәптерге күннің жадын жазады. Жұптық жұмыс: қарама-қарсы мағыналы сын есімдердің сыңарын табу.
Жұптар дәптерлерін алмастырып тексереді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады.
Қызығушылықты ояту: «Аңды сипатта»
топтық жұмыс
Құрастырылған суретке «не жетіспейді?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар өздерін суретші ретінде сезініп, бояудың орнына сөз арқылы аңды сипаттайды: стикерге сипаттау сөйлемдерін жазады (2 минут).
Әр топ стикерлерін тақтаға іліп, бір оқушы қорғайды. Соңында топ өз жұмысын бағалау парағына белгілейді.
Ойын: «Жүгірме диктант»
топтық жұмыс
Әр топ басқа топтың сипаттау мәтінін жазады. Рөлдер бөлінеді: 2 баяндаушы және 2 жазушы. Баяндаушы мәтінді жеткізеді, жазушы қағазға түсіреді.
Ойын: «Кезбе микрофон»
пікір алмасу
Топтар жұмыстарын алып келіп, сипаттау мәтіні бойынша сұрақтар құрастырады. Құрған сұрақтарын басқа топтарға қойып, жауап алады.
Қорытынды түсінік
негізгі ереже
Сын есім
Заттың сапасын анықтау, затты сипаттау үшін қолданылады.
Дара сын есім
Бір сөзден тұрады.
Күрделі сын есім
Екі (немесе одан да көп) сөзден тұрады, құрамындағы сөздер бөлек жазылады.
Қосымша ресурс: imektep.kz/dara-zhane-kurdeli-sin-esimder
Өздік жұмыс: мәтінмен жұмыс
жеке жұмыс
Тақтадағы екі мәтінді салыстырып, кестені (картаны) толтыру. 1–2 оқушы мәтінді дауыстап оқиды. Әр оқушы өз жұмысын бағалау парағына белгілейді.
Автор туралы
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай кентіндегі Мектеп-балабақша кешені базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ бастауыш сынып мұғалімі — Муртазина Ардақ Тельжановна.
Толық нұсқасын жүктеу: материалда көрсетілген.