ҰБТ міндеттері
Оқушыларға психологиялық көмек: «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз»
ҰБТ — жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ-ның мақсаты
Білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін қалыптастыру.
ҰБТ-ның міндеттері
-
1
Бірыңғай өлшеу материалдары арқылы білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету.
-
2
Білім сапасын бағалаудың шынайылығы мен дұрыстығын арттыру.
-
3
Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Психология тұрғысынан қалай дайындалуға болады
Мақсатты дұрыс қою
Қиын сәтте абдырап қалмау үшін өзіңізге шектен тыс жоғары міндет қоймаңыз. Үлкен мақсатқа жету жолы — нақты жоспар және тұрақты әрекет.
Алдын ала және бөліп дайындалу
Жағдайдың әбден шиеленісуін күтпеңіз. Емтиханға ертерек, аз-аздан, бөліп дайындалу әлдеқайда нәтижелі.
Жеңілден күрделіге
Егер ойды жинақтау қиын болса, алдымен ең жеңіл тақырыптарды еске түсіріп, содан кейін күрделі материалға көшіңіз.
Күн сайын қысқа жаттығулар
Ішкі қобалжуды, шаршауды азайту және босаңсу үшін күн сайын қысқа тыныс алу, созылу, релаксация жаттығуларын орындаңыз.
Тамақтану
-
Күніне 3–4 рет тамақтаныңыз.
-
Ас мәзірі нәрлі және дәруменге бай болсын.
-
Грек жаңғағы, сүт өнімдері, балық, ет, көкөніс-жеміс, аз мөлшерде шоколад пайдалы.
Емтихан алдында шамадан тыс тойып тамақтанбаңыз — бұл ұйқышылдық пен ауырлық сезімін күшейтеді.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Сұрақ бойынша қайталау
Алдымен есіңізге түсіріп, білетініңіздің бәрін қысқаша жазып алыңыз. Содан кейін даталар мен негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексеріңіз.
Негізгі ойларды белгілеу
Оқулықты оқығанда басты, өзекті ойларды түртіп отырыңыз — олар жауаптың негізгі тармақтарына айналады.
Қысқаша жоспарлар
Кішкентай парақтарға әр сұрақ бойынша жауаптың қысқаша жоспарын құрастырыңыз. Емтихан алдындағы күні сол жоспарларды бір шолып шығыңыз.
Жұмысқа қабілеттілікті қалыпта ұстау
Еңбекті кезектестіру
Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып орындаңыз: қысқа серуен, жеңіл жаттығу, сосын қайта оқу.
Қан айналымын күшейту
Гимнастикалық жаттығулардың ішінде «кувырок», «свеча», «баста тұру» сияқты қозғалыстар пайдалы: ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
Көзді қорғау
Әр 20–30 минут сайын үзіліс жасаңыз: кітаптан көзіңізді алып, алысқа қараңыз.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалу кезінде көзге көп салмақ түседі. Көз шаршаса, бүкіл ағза да әлсірейді — тапсырмаларды орындауға күш жетпеуі мүмкін. Сондықтан көзге міндетті түрде демалыс беріңіз.
Жаттығулар (кез келген екеуін таңдаңыз)
-
Кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз.
-
Көзіңізбен өз тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын «жазыңыз».
-
Қашықтағы затқа 20 секунд қараңыз, содан кейін алдыңыздағы параққа көз жүгіртіңіз. Соңынан көзбен оңнан солға, кейін солдан оңға қарай шаршы мен үшбұрыш «сызыңыз».