Сабақтың бөлімдері

Сабақтың тақырыбы

Өткен материалды қайталау. «Дарабоз» сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ілгері дамуын анықтау үшін жобалау, жеке және топтық әрекет түрлерін қолдану, әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімдерін бағалау және «Дарабоз» оқушыны айқындау.

Ұйымдастыру

Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Сайыс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Кесте, сызба, кеппешөптер, интерактивті тақта

Ереже: 1-кезеңнен жоғары ұпай жинаған оқушылар 2-кезеңге қатысады.

Сайыс кезеңдері

  1. 1-кезең

    Барлық оқушыдан тест алу

  2. 2-кезең

    «Бәйге»: Менен сұрақ, сізден жауап

  3. 3-кезең

    «Полиглот»

  4. 4-кезең

    «Ізден, ойлан, тап!»

  5. 5-кезең

    Суретке сипаттама беру (таблица бойынша)

  6. 6-кезең

    «Жорға» (жылдам сұрақтар)

2-кезең: «Бәйге»

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. 1) Клетканы зерттейтін ғылым

    Жауабы: цитология

  2. 2) Клетканы алғаш сипаттаған ғалым

    Жауабы: Р. Гук

  3. 3) Жарық микроскопты ойлап тапқан ғалымдар

    Жауабы: әкелі-балалы Янсендер

  4. 4) Микроскоптың көру түтігінен кейін орналасатын бөлігі

    Жауабы: объектив

  5. 5) Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайтын бөлігі

    Жауабы: қабықша

  6. 6) Сабақтың қай бөлігінде тоз қабаты орналасады?

    Жауабы: қабықта

  7. 7) Тін қабаты сабаққа қандай қасиет береді?

    Жауабы: мықтылық, беріктік

  8. 8) Бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат — қандай сабақты өсімдіктер?

    Жауабы: қысқарған сабақ

  9. 9) Өте әлсіз, жер бауырлап өсетін сабақтар

    Жауабы: желі (жатаған)

  10. 10) Қабық пен сүректің арасында орналасатын қабат

    Жауабы: камбий

3-кезең: «Полиглот»

Оқушыларға жұмбақтар беріледі. Шешуін қазақша, орысша, ағылшынша айтуы тиіс. Толық жауапқа 20 ұпай, жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі.

1) Жанды мотор сынбайды, күні-түні тынбайды...

Жауабы: Жүрек — сердце — heart

2) Толған ағыс тоқтаса, жоғалады бірге адам

Жауабы: Қантамыр — кровеносный сосуд — blood

3) Денсаулық үшін қажетті өмір өзегі

Жауабы: Ауа — воздух — air

4) Күмбір-күмбір қарағаш, қартайғанша жарадың

Жауабы: Құлақ — ухо — ears

5) Үй ішінде отыз батыр, кіргендерді отап, турап жатыр

Жауабы: Тіс — зубы — teeth

4-кезең: «Ізден, ойлан, тап!»

Ұпайы көп оқушы бірінші жауап береді. Тақырып: адам ағзасының құрылысына шолу.

Ұпай Бағыты Сұрақ / тапсырма
20 Оң Тұқым қуалау қасиетін сақтайтын жіпше, таяқша тәрізді түзіліс. Хромосома
20 Орта Бастың жұп сүйектері. Төбе, самай, бет сүйектері
20 Сол Тақ санды бас сүйектері. Маңдай, шүйде, төменгі жақ, тіл асты
30 Оң Бас сүйегі қанша сүйектен құралған? 23
30 Орта Ішкі секреция бездеріне қатысты: адам үнемі шөлдейді, кіші дәреті бұзылады. Бұл қандай ауру? Қант диабеті
30 Сол Фотосинтез бен тыныс алудың айырмашылығы неде? Фотосинтезде бейорганикалық заттардан органикалық зат түзіледі; тыныс алуда оттегі сіңіріліп, көмірқышқыл газы бөлінеді
40 Оң Сабақтың бөлімдері. Қабық, камбий, сүрек, өзек
40 Орта Қабыршаққа айналған жапырақтар. Бүршік, тамырсабақ, қабықша
40 Сол Күнбағыс пен гүлкекіре гүлшоғырының шеткі гүлдері неге жеміс бермейді? Гүлдер жыныссыз болғандықтан
Ескерту: тапсырмалар күрделілік деңгейіне қарай ұпаймен бағаланады.

5-кезең: Суретке сипаттама

Тапсырма таблица бойынша орындалады.

  • 1 Жүрек
  • 2 Жүйке ұлпасы
  • 3 Бұлшық ет
  • 4 Сүйек
  • 5 Құлақ

6-кезең: «Жорға»

Ереже: 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беру. Әр жауапқа 10 ұпай қойылады.

  1. 1) Жүректің ортаңғы қабаты

    Жауабы: миокард

  2. 2) Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

    Жауабы: иілгіштік, серпімділік

  3. 3) Минералдық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

    Жауабы: қаттылық

  4. 4) Жасы ұлғайғанда сүйекте қандай заттар көбейеді?

    Жауабы: минералдық заттар

  5. 5) Түтікті сүйектер қайда орналасқан?

    Жауабы: аяқ-қолда

  6. 6) Қысқа еттерге жататындар

    Жауабы: омыртқааралық, қабырғааралық еттер

  7. 7) Бұлшық еттің қажуын, жиырылу ырғағын зерттеген ғалым

    Жауабы: И. М. Сеченов

  8. 8) Теңіздің ең тереңінде кездесетін балдыр

    Жауабы: ламинария

  9. 9) Қағаз өндірісінде пайдаланылатын балдыр

    Жауабы: кладофора

  10. 10) Көпжасушалы жіп тәрізді балдыр

    Жауабы: улотрикс

Қорытынды

Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, кезеңдер бойынша белсенділік пен білім деңгейі сараланады. Нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие оқушы «Дарабоз» ретінде анықталады.