Алғырлар тобына
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сынып
- 5-сынып
- Тақырып
- Тұрақты тіркестер
- Сабақтың түрі
- Ойын сабағы
- Сабақтың типі
- Жаңа ұғымды меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер мен байланыстар
- Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі түсті жұлдызшалар.
- Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, ән.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз қолданысында дұрыс қолдануға үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа баулу, үлкенді құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін және сана-сезімін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын тексеру.
- 2 Сыныпты түгендеу және назарларын сабаққа аудару.
- 3 Сыныпты екі топқа бөлу: «Алғырлар» және «Білгірлер».
Жаңа сабақ: анықтама
Екі не одан да көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды білдіретін және сөйлемде бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз.
Мысал
Аузын ашпау — үндемеу.
Мысал
Көзді ашып-жұмғанша — лезде.
Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері
1-бөлім: «Баламасын табыңдар»
«Алғырлар» тобы
- Ат ізін салмау
- Қол ұшын беру
- Тіс жармау
- Мойны жар бермеу
- Төрт көзі түгел
- Бетінен қақпау
«Білгірлер» тобы
- Инедей қадалу
- Мұзға отырғызу
- Ит тұмсығы өтпейтін
- Жерге кіріп кете жаздау
- Аузын қу шөппен сүрту
- Қабырғаңмен кеңес
2-бөлім: «Суреттер сөйлейді»
Оқушыларға слайд арқылы ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаш суреттері көрсетіледі. Әр суретке қарап тұрақты тіркес құрастырады және сол тіркесті үш тілге (қазақ, орыс, ағылшын) аударады.
3-бөлім: Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау.
2-жаттығу (мағыналық сәйкестендіру)
- Тату, дос — арасынан қыл өтпейтін.
- Алыс, қашық — ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
- Ұялу — жерге кіріп кете жаздау.
- Ұрлық — қолды болды.
- Момын — қой аузынан шөп алмас.
4-бөлім: «Әзіл аралас сұрақтар»
Екі топқа мағынасы әдейі қисынсыз қойылған сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға тұрақты тіркестерді қолданып жауап береді.
- 1Адамның төбесі аспанға жете ме?
- 2Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
- 3Екі аяқ бір етікке сия ма?
- 4Адамның қай жерінде нан піседі?
- 5Көз сатыла ма? Бұл тіркес нені білдіреді?
- 6Адамның аяғы мен қолы түрлі түсті бола ма?
- 7Мәселенің қабырғасы бола ма?
- 8Жұмыстың аяғы бола ма?
- 9Қар жана ма?
5-бөлім: «Тауып жаз»
«Алғырлар» тобы
- …нің түгі бар
- …ын шүйіру
- …ын көкке көтеру
- …іне көк ала шыбын үймелету
«Білгірлер» тобы
- …тай ұшты
- …ыңды балта кеспейді
- …і тоймау
- Түйе үстінен … үйту
6-бөлім: «Адасқан сөздер»
Бұл кезеңде оқушыларға сөздері араласып кеткен тіркестер немесе сөйлемдер беріледі. Мақсат — сөздердің орнын дұрыс қойып, мағыналы тұрақты тіркестерді қалпына келтіру.
Автор туралы мәлімет
- Аймақ: ШҚО, Семей қаласы
- Білім беру ұйымы: №8 ЖОББ көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені (КММ)
- Пән мұғалімі: Карипбаева Мөлдір Тасболатқызы