Дарындылық қасиеттің берілу белгісі

Сабақтың тақырыбы: Адам генетикасы

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ: биология, әдебиет, Абайтану.

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдістері

  • СТО элементтері
  • Түсіндіре басқарып, оза оқыту
  • Жеке және топтық жұмыс
  • Өздік жұмыс
  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс
  • Сұрақ–жауап

Мақсаты

Оқушылардың білімін тереңдету мақсатында адам ағзасындағы хромосомалардың қызметі мен маңызын түсіндіру, хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажырата білуге үйрету. Сонымен қатар генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге мүмкіндік беретін негізгі әдістерді меңгерту және әртүрлі білім көздерін тиімді қолдануға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Ойларды салыстыру, талдау, жалпылау және қорытындылау дағдыларын дамыту.
  • Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға үйрету.
  • Топпен жұмыс барысында ұйымшылдық пен өзара сыйластықты қалыптастыру.
  • Өз ата-тегін құрметтеуге және шежірелік карталарды дұрыс құра білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Цифрлық ресурстар

  • Электронды оқулықтар
  • Слайдтар

Баспа және көрнекі материалдар

  • Шежірелік карталар
  • Қазақтың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері
  • Қосымша әдеби оқулықтар

Сабақтың құрылысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа назарды шоғырландыру, мақсат-міндеттерді айқындау.

  2. II

    Психологиялық дайындық және өткенді пысықтау

    Кубизм әдісі (6 сұрақ)

    1. Жыныс қалай анықталады? Аутосома дегеніміз не?
    2. Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).
    3. Хромосомалардың әртүрлілігі неден көрінеді?
    4. Барр денешігі дегеніміз не?
    5. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?
    6. Есеп.
  3. III

    Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру

    Хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданып, тұқым қуалайтынын білеміз. Алайда хромосомалар тек ауруларды ғана емес, адамның бойындағы қабілет пен дарын сияқты қасиеттерді де ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.

    «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген нақыл адамның жақсы қасиеттерінің жалғасуына мән береді. Осы тұста адам генетикасын оқытқанда, адамның да өзіндік биологиялық тұлға екенін ескереміз.

    Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен дамып, түрлі ғылыми әдістер қолданылуда. Бұл тәсілдер тұқым қуалау заңдылықтарын түсінуге және нақты мысалдар арқылы талдауға мүмкіндік береді.

Топпен жұмыс: генеологиялық әдіс

Тақырыптық бағыт: «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге». Құнанбай әулетіндегі дарындылық қасиеттердің көрінісін негізге алып, шежірелік карта құру.

Назар: дарындылық қасиеттің берілу белгісін көрсету.

Генеологиялық әдіс дегеніміз не?

Генеологиялық әдіс — адамдағы түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегі арқылы зерттейтін тәсіл. Зерттелетін мәселе бойынша әке және шеше жағынан бірнеше буын бойы мәлімет жиналып, соның негізінде шежірелік сызбанұсқа жасалады.

Доминантты белгілерге мысалдар

Кейбір белгілер ұрпаққа доминанттылық жолмен беріліп, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай тұқым қуалайтын белгілерге:

  • Полидактилия (саусақтардың артық болуы)
  • Беттің секпілі
  • Катаракта
  • Шаштың қаралығы және т.б.

Қабілет пен дарынның тұқым қуалауы

Генеологиялық әдіс адамның кейбір қабілеттерінің де тұқым қуалайтынын көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділік сияқты қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Әлемдік мысал

Музыкаға қабілеттілік әйгілі Бахтар әулетінде бірнеше ұрпақ бойы байқалған.

Қазақ әдебиетінен мысал

Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешендер көп болған. Олардың қатарында Абай (Ибраһим), сондай-ақ немерелері — Шәкерім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б. бар.