Жеті атаңды ата

Тақырыбы

«Ата салтың – халықтық қалпың»

Мақсаты

Жас ұрпаққа ата-бабаларымыздан аманат болып қалған салт-дәстүрді насихаттау, үлгі ету, көрсету және үйрету.

Кештің түрі

Сайыс.

Көрнекілігі

  • Тақырыпқа арналған плакаттар
  • Ұлттық ою-өрнектер
  • Төсбелгілер

Кештің барысы

  1. I Кіріспе сөз
  2. II Сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақыру
  3. III Әділқазылар алқасын сайлау
  4. IV

    Сайыс шарттарымен таныстыру

    Таныстыру Эмблема Ән Тыйым сөздер Би Викторина Көрініс Ою ойып беру Қорытынды

Тәрбиелік түйін

Ата-баба қанына сіңген жақсы әдеп, салтыңды білсең,

Салтыңды білген — халқыңды білген.

Ынтамен кел, сен де үйрен!

Әр халықтың өзіне тән ойын-сауығы, дәстүрі, ғұрпы, салты бар. Бұлар — талай ғасырдың жемісі. Қазақта әдет-ғұрып пен салт көбіне ән, өлең-жыр арқылы бейнеленеді.

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

Ұлы ақын Абай айтқандай, халықтың бүкіл тіршілігі өлең-жырға арқау болған.

2-жүргізуші

Жақсы көріп дәстүрін, салтын,
Күйін тартып қалықтатқан ән қанатын.
Сайыскерлер өнерін көріңіздер,
Халқының баптай білген ізгі салтын.

Ортаға сайысқа қатысатын «Мұрагер» және «Қыран» топтарын шақырамыз. Екі топ өздерін таныстырады. Бұдан кейін сайыс кезеңдері басталады.

Сайыс кезеңдері

1) Таныстыру (эмблема)

Әр топ өз атауын, ұранын, эмблемасын таныстырады.

2) Ән сайысы

1-жүргізуші

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең — менше сүй.

Абай атамыздың осы өсиетіне сай, келесі кезек — әнге беріледі.

  • «Наурыз айы туғанда»
  • «Қазақтың дастарханы»

Әр топтан бір қатысушы өнер көрсетеді.

3) Ырым-тыйым сөздер (1 минут)

«Бабамыздан қалған қандай ырым-тыйым сөздерді білесіңдер?» — екі топ берілген уақытта мүмкіндігінше көп тыйым сөз айтуы керек.

2-жүргізуші

Тыйым сөздер — ата-баба ұлағаты. Мысалы: есікті керме, ақты төкпе, үйге қарай жүгірме, малды теппе және т.б.

4) Би сайысы

1-жүргізуші

Жадырап маңдайынан таң атқандай,
Жанары тұнық сырын таратқандай.
Қазақтың би өнерін аспандатқан
Қимылы арулардың ғажап қандай!

Ендігі кезек — биге беріледі.

  • Тайкенова Динара

    «Қазақ» биі

  • Шалова Жазира

    «Қазақ» биі

5) Білім сайысы (викторина)

2-жүргізуші

Сырлары көп ғылымның —
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің —
Керек екен бәріне.

Фариза Оңғарсынованың ойымен үндесіп, екі топтың білімін сынап көреміз.

  • Қазақша жыл атауларын ретімен ата.
  • Ат әбзелдерін ата.
  • Киіз үйдің жиһаздарын ата.
  • Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
  • Той үстіндегі ұлттық ойындарды ата.
  • Үй-жиһаздарына байланысты қандай тақпақ, өлең білесің?
  • Қандай ұлттық тағамдарды білесің?
  • Қандай ұлттық аспаптарды білесің?
  • Жеті атаңды ата.
  • Жеті күнді ата.

6) Көрініс

Әр топ өздері алдын ала дайындап келген тәрбиелік мәні бар көрінісін сахналайды.

7) Ою ойып беру

2-жүргізуші

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей, аруларымыз ою-өрнек өнерін көрсетеді.

Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің қыздар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты
Ою сынды өнерді.

Әр топтан екі оқушы шығып, ою ойып береді.

8) Ән

«Дәстүр жалғасы» әні орындалады.

Қорытынды

Жүлдегерді анықтау

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Екі топтың нәтижесі жарияланады.

Нәтиже

  • «Қыран» тобы 31 балл
  • «Мұрагер» тобы 32 балл

Кеш соңы бимен ұласады.