Мәтіндегі сан есімдерді ата
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ, танымдық-ізденіс, шығармашылық.
Әдіс-тәсілдер
ҰОТ, СТО, сұрақ-жауап, ішінара ізденіс, талдау, салыстыру, шығармашылық.
Құрал-жабдық
Кесте-сызба, слайд, флипчарт.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сан есімнің мағыналық топтарын еске түсіру. Сан есімнің зат есімнің орнына жұмсалуын, жинақтық сан есімнің септелуін, ішінара тәуелденуін және жіктелу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың бұрынғы білімін жаңғырта отырып, талдай білуге және еркін сөйлеуге дағдыландыру, тілін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұлтжанды, елінің қамын ойлайтын, саналы әрі білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 Білімді жан-жақты тексеру. Ой қозғау.
Ой қозғау сұрақтары
- Сан есім — сөз табының қай түрі?
- Сан есім нені білдіреді? (Заттың санын, мөлшерін.)
- Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.
Сан есімнің мағыналық түрлері
Есептік
бір, екі, отыз
Реттік
бірінші, екінші
Жинақтық
біреу, екеу
Болжалдық
бес жүздей, ондаған
Топтау
екі-екідей, он-оннан, жиырма бестен
Бөлшектік
онның бірі, бес жарым
Сан есім — сандық ұғымды білдіретін сөз табы. Ол сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:
- Заттың нақты сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? сұрақтарына жауап береді.
- Санның атауы ретінде жұмсалып, не? сұрағына жауап береді.
Мысал
Домбырада он перне, екі ішек бар.
Мысал
Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.
Практикалық тапсырмалар
1) Сөйлемдерден сан есімді ажырат
- Домбырада он бір перне, екі ішек бар.
- Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.
- Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз, сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз.
- Сен — төрттің бірісің.
2) Сөзбен берілген сан есімдерді цифрмен жаз
- Бірінші том
- Жүздей, ондаған
- Екі-екіден
- Бір мың тоғыз жүз тоқсан бір
- Жиырма екінші қыркүйек
3) Сан есімдерді құрамына қарай талда
Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.
Дара
жеті
Күрделі
он екі
4) Сан есімнің сөйлемдегі қызметін талда
- Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
- Атадан — алтау, анадан — төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ.
- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді; төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
- Кездесіп жетпіс үште іздегенім.
- Біз екі-екіден бөліндік.
- Біз үш түрлі кедергіден өттік.
- Гектарынан 45 центнер бидай алдық.
Мәтінмен жұмыс: сан есімдерді тап
Тәуелсіз Қазақстан. Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естиміз. «Отан — отбасынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз — әр адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл дос-жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны — Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы қаншама қиыншылықты бастан өткерді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы — барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес. Бүгінде дүние жүзінің барлық елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
Тапсырма
Мәтіндегі сан есімдерді анықтап, олардың қызметін түсіндір.
Ой толғау
«Қазақстан тарихынан» тақырыбында қысқаша ойыңды жаз немесе айт.
Қорытынды бөлім
Көркем әдебиет
Үзінділер оқу.
Қорытындылау
Негізгі ұғымдарды жинақтау.
Бақылау
Тест тапсырмалары.