Қай сөз қай сөздің сыңары
Тапқыр достар (білгірлер сайысы)
Бұл сайыс қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімді жүйелеуге, ойды дәл жеткізуге және тіл мәдениетін дамытуға бағытталған. Теорияны практикамен ұштастыра отырып, оқушылардың тапқырлығы мен байқағыштығын арттыру көзделеді.
Қазақ тілі — өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі — тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны қастерлейтін жас ұрпақ өсіп келеді. Бүгінгі сабақ — туған тіліміздің қыр-сырына арналған ерекше сайыс.
Білімділік мақсаты
- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жүйелеу.
- Өзіндік пікір қалыптастыру және сыни ойлауды дамыту.
- Теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастыру.
Дамытушылық мақсаты
- Байқағыштық, тапқырлық және сөз астарын түсіну қабілетін дамыту.
- Ойды ауызша және жазбаша сауатты жеткізу дағдысын жетілдіру.
- Тілдік қорды байыту.
Тәрбиелік мақсаты
- Мейірімділікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
- Елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін тереңдету.
Түрі
Білімділер сайысы.
Көрнекілігі
Үлестірмелі материалдар, кеспе әріптер, сызбалар.
Өту барысы
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, бірнеше бөлімнен тұратын жарыс формасында өтеді. Әр бөлім оқушылардың тілдік дағдысын түрлі қырынан сынауға бағытталған.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың түрі мен мақсаты таныстырылып, оқушылар топтарға бөлінеді.
- 1 Сабақтың түрі мен мақсатын айту, оқушыларды топқа бөлу.
- 2 Жоспармен таныстыру.
1. Таныстыру
Топтар өздерін таныстырады.
2. Сөз тапқанға…
Әріп бойынша сұрақтарға жауап беру.
3. Ойлан, тап!
Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
4. Сен білесің бе?
Ұяшықтардағы жасырын сұрақтарды шешу.
5. Кім жылдам?
Жедел сұрақ-жауап.
6. Сыңарын тап
Біріккен сөздерді табу және мағынасын түсіндіру.
7. Әріптерді қосып оқы
Дыбыстарды қосып, жұмбақтың шешуін табу.
8. Қолқа салу
Жеңілген топ өнер көрсетеді.
І. Таныстыру
Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.
- І топ: «Жігер» тобы
- ІІ топ: «Достық» тобы
Ескерту
Барлық кезеңде сөйлеу мәдениеті, дәлелді жауап, бір-бірін тыңдау және уақытты тиімді пайдалану бағаланады.
ІІ. «Сөз тапқанға…»
Әр топтан үш оқушы шығады. Оқушыларға әріптер таратылады. Сол әріпке сәйкес берілген сұрақтарға жауап береді.
Б
- Сен бүгін не жедің?
- Қыздар әскерге бара ма?
- Мектеп ережесін білесің бе?
- Досыңның аты кім?
- Қандай жануарларды білесің?
- Жазда қайда болдың?
А
- Қыста балалар не істейді?
- Үйіңде неше жан бар?
- Қандай кітап оқыдың?
- Ұлттық тағамның атауын айт.
- Ата-анаңның есімдері кім?
- Қандай әнді жақсы көресің?
Т
- Қандай тамақты жақсы көресің?
- Жазда балалар не істейді?
- Қай қалада болдың?
- Оған немен бардың?
- Сені кім қарсы алды?
- Қандай киноны ұнатасың?
Ж
- Математика сабағы саған ұнай ма?
- Ұлдар көйлек кие ме?
- Атың кім?
- Фамилияң кім?
- Қандай құстарды білесің?
- Кім болғың келеді?
С
- Қайдан келдің?
- Немен келдің?
- Жасың нешеде?
- Нені ұнатасың?
- Қандай ұлттық киім түрлерін білесің?
- Нешеге дейін санай аласың?
М
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Жазда не киесің?
- Әскерге кімді алмайды?
- Қандай ақын-жазушыларды білесің?
ІІІ. «Ойлан, тап!»
Екі топқа да «Таныстыру» сөзі беріледі. Бір минут ішінде осы сөзден мағыналы бірнеше сөз құрастыру қажет.
Бағалау өлшемі: сөз саны, сөздің мағыналылығы және дұрыс жазылуы.
IV. «Сен білесің бе?»
Сегіз ұяшық беріледі. Екі топ кезектесіп ұяшықтарды ашып, жасырынған сұрақтарға жауап береді.
- 1. «Сорқұдықтың басына, сорға бола қонды әкем…» — үзінді қайдан алынған?
- 2. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айт.
- 3. Асан Қайғы кім?
- 4. Бұқар жырау қойған бірден онға дейінгі сандардың мағынасын Қазыбек би қалай шешті?
- 5. Малайсарының Сырымға берген батасы.
- 6. Алпамыс батырдың зынданнан шығуына себеп болған жағдай.
- 7. С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін жатқа айт.
- 8. Гипербола (әсірелеу) дегеніміз не?
V. «Кім жылдам?»
Екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Білетін топ жылдам жауап беруі керек.
- 1. «Батыр» сөзінің синонимі.
- 2. АҚШ, АлМУ, БҰҰ — қандай сөздер?
- 3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- 4. Қазақ батырларына серік болған қандай тұлпарларды білесіңдер?
- 5. «Таулы» сөзі қай сөз табына жатады?
- 6. Екінші сыңары «тау» болып келетін қала атауларын немесе тау атауларын ата.
- 7. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
- 8. Мақалдың жалғасын айт: «Айлалы батыр…»
- 9. Ертегілердің түрлері қандай? Аттарын ата.
- 10. Омонимдер дегеніміз не?
- 11. Қос сөздер және олардың түрлері.
- 12. Қазақ тарихындағы қандай шешендерді білесіңдер?
VI. «Сыңарын тап»
Сызбада берілген сөздердің сыңарларын тауып, стрелкамен сәйкестендіру арқылы біріккен сөздер құрастырыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары екенін дәлелдеп, мағынасын түсіндіріңдер.
Бірінші сыңарлар
Екінші сыңарлар
Тапсырма: біріккен сөзді дұрыс құрастыру, жазылуын сақтау, мағынасын түсіндіру.
VII. «Әріптерді қосып оқы»
Төмендегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ретімен қосып оқысаңдар, жұмбақ шығады. Жұмбақ қандай? Шешуі не?
Дауыссыз дыбыстар
С, н, м, ы, қ, н, ш, Б, л, м, й, м, з, Т, н, м, н, к, з, Л, м, й, м, з
Дауысты дыбыстар
а, ы, ы, а, а, і, е, і, ү, і, е, ө, і, е, і
Кеңес: дыбыстарды буынға бөліп құрастырып көріңдер.
VIII. «Қолқа салу»
Жеңілген топ қарсыластарының қолқа салуы бойынша бір өнер көрсетеді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
«Ана сүті бойыңды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді», — дейді халық. Тіл — ойды жеткізудің құралы. Тілдің дамуы ойдың дамуынан басталады, ал тіл мәдениеті бесіктен қалыптасады. Тіл өмірге араласып, заманға қызмет етуі үшін оның өшпейтін ғұмыры болуы керек. Тілдің ұраны — өмір, қорғаны — қоғам. Ендеше, мемлекеттік тіліміз құдіретті, қасиетті болсын.
Төле бидің толғауы
Уа, халайық! Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерер елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Қазыналы ана тілің бар,
Сөз қадірін біліңдер!